ТҰЛҒА

Кез келген адамның өмірі өзінше бір әлем. Өмірге келген әрбір жұмыр басты пенденің одан озар кезінде өткеніне көз жібере отырып, «менің өмірім босқа өтіпті» деп өкінетіні некен-саяқ, керісінше олардың басым көпшілігі мәнді де мағыналы өмір кештім деп санайды. Мұндай сезім қоғамдағы ең ірі лауазымды қызметті атқарып, ел ағасы дәрежесіне жеткендерге де, белгілі зиялы қауым өкілдеріне де, қатардағы қарапайым еңбеккерге де ортақ.

В ПАМЯТЬ ОБ АКАДЕМИКЕ Ш.Е. ЕСЕНОВЕ

Общеизвестно, что время – это единственный судья, могущий дать объективную оценку прошедшим событиям и ушедшим из жизни людям. Также считается, что только время примиряет нас с постигшими утратами.

ҰЛЫЛАР ІСІН ЖАЛҒАСТЫРҒАН...

Шахмардан Есеновті алғаш рет алпысыншы жылдардың басында кездестірдім. Ол кезде мен Шығыс Қазақстан өңірінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Алтай бөлімшесінде қызметтемін. Ғылым шаңырағының астында қызмет істейтіндердің көпшілігі тездетіп кандидаттық диссертация қорғауды армандайтын.

«ХАЛҚЫМ ДЕП СОҚСА, ЖҮРЕГІМ...»

Қазақ, халқының біртуар, ардақты азаматы Шахмардан Есеновпен ашық әңгіме

Шахмардан ағамен өзінің жұмыс орнындағы шағын кабинетінде кездестім. Үлкен ғалыммен бетпе-бет бірінші жүздесуім болса да ескі таныстардай әңгімеміз жараса кетті. Осыншама атақ-абыройы бар адамның өте қарапайымдылығы, мейірім төгілген нұрлы келбеті, жүйелі де, жарасымды сөзі мені бірден өзіне баурап, еркін сөйлесуге ырық берді.

«...ЖАСЫ ҮЛКЕНГЕ - ІНІ, ЖАСЫ КІШІГЕ - АҒА БОЛУҒА ЖАРАСАМ...»

(Шахмардан Есеновтің зайыбы Кәмиланың жан сыры)

...Осы сөзді Шахаң жиі - жиі қайталаушы еді. Енді барлап, ой елегінен өткізе қарасам, ол үлкенге - іні, кішіге - аға бола білген екен. Жұмыс десе, ішер асын жерге қоятын Шахаң былайғы өмірде тым қарапайым, өте кішіпейіл болатынды. Өзінің аспандап тұрған қызмет дәрежесіне, атақ-абыройына, бедел-біліміне орай кеуде керіп, менменсіп шалқайып, еш уақытта көкірегінің буына нан піскен емес. Ол - бойындағы ғылым-білімін, өрнекті де, айшықты ойын, сан-салалы кәсіби мамандығын, жүрегіндегі ізгілік, болмысыңдағы қажыр-қайратын елі үшін, халқы үшін сарқа жұм- сады десем, артық айтқандық болмас.

В ТЕХНИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ

С 1978г. Ш.Е. Есенов руководил кафедрой методики поисков и разведки месторождений полезных ископаемых Казахского национального технического университета (ранее – политехнический институт). Главное внимание он уделял учебному процессу, стремясь его постоянно совершенствовать: по его инициативе на кафедре (одной из первых в институте) появилась электронно-вычислительная машина, компьютеры, различные средства обучения.

«ШЫН ЖАҚСЫ ТОПТЫКІ БОЛМАС...»

Уақытпен бірге жылжып жатқан қоғамдагы өзгерістер сан алуан адамдармен жүздестіреді. Кейбіреулерімен жақын араласып, дәм-тұздас боласың. Алайда, көптің бәрі бірдей емес. Солардың ішінен әр сөзінің өзі алтынға бергісіз, жаныңа нұр құйып, еріксіз өзіне тартатын, кеудеңде өшпес із қалдыратын асылдар да кездеседі. Мен де өз өмірімде сондай жандардың талайымен кездестім.

АКАДЕМИК ЕСЕНОВ

Естеліктер мен эсселер

Шахмардан Есенов 1994 жылы жаз аяғында өмірден өтті. Мен ауырып жатыр едім. Түске таман төсегіме жаңа газеттер әкеп берді.

Страница 1 из 5

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper