АЙТАРЫ МОЛ АЙТБАЙ
Қазақтың көркем сурет өнерінде алғанынан берері, айтқанынан айтары мол таланттың бірі Айтбай Құлбаев десек жаңылмаспыз,сірэ. Қашан көрсең де әйтеуір бір ізденіс соңында жүретін Айтбай Қонысбекұлы жақында Астанадағы «Астана күніне» қатысып, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және осы күнге орай ұйымдастырылған Қазақстан суретшілерінің республикалык симпозиумына қатысып, жоғары деңгейдегі шығармашылык жұмыстары үшін арнайы дипломмен марапатталып қайтты.