Мангистау: столетия, эпохи, тысячелетия

В 1993-94 годах Западно-Казахстанской археологической экспедицией в Тупкараганском районе в местности Дикилтас была исследована каменная гробница 3-1 веков до н. э., вошедшая во многие учебники и исторические издания. Гробница в плане представляла собой круглое сооружение диаметром 12 метров с тремя погребальными камерами и коридором-дромосом, ориентированным в южном направлении.

БАРЛАУДЫҢ ҚЫЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Маңғыстаудың жер асты кенін зерттеп игерген зор тұлғаның бірі - Нарен Орынбайүлы Имашев. Ол Мәскеу мұнай институтын 1934 жылы бітірген, Ақтөбе облысының түлегі еді. Сонда жеті жыл геология, - мұнай іздеу саласында «жұмыстанды. Ұлы Отан соғыс жылдары (1941-1947 жж.), мұнайдың қатаң керек кезінде Ембіге алынып Доссордың бас геологі, Ескене промысл директоры болып ойдағыдай іс бітірді.

Жаңай - Саназар әулие (Санекем) (туғанына 250 жыл)

Ия, көріпкелдер, паиғамбарлар, сәуегейлер, атақты сынықшы емшілер адамзат ғұмырымен бірге жасасып келеді.Олардың іздері мифтер мен аңыз-ертегілерде сайрап жатыр. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, қилы кезеңдерде дес бермеген асыл қасиеттері бар. Бабаларымыздың даналығын, қабілетін танытатын, жан, тән саулығын сақтаған, осы бір адамгершілік имандылыққа толы халықтық ғылым бірде биіктеп, бірде аласарып толқындаған күй кешті. Әсіресе соңғы ғасырда бұрын құлақ естіп, көз көрмеген зұлматқа, қуғынға ұшырады.

ҮСТІРТТЕГІ ЖЕБЕЛЕР

Жер-жердегі жүздесулерде жұртшылык осы авторлык айдардың аясында жарык көріп жүрген мақалаларға қызығушылығын айта келе, "Біздің өзіміздегі әлемге әйгілі тұлғалар, туындылар, кереметтер, ғимараттар, құпиялы жайлар жайында азырак жазылады" дегендей тілек те білдіріп жатады. Бұған не айтуға болады? Бұл айдардың аясында әл-Фараби, Әуезов, Есік қаласының маңынан табылған "Алтын адамның" ғажайыбы, тартылған Арал трагедиясы, Көкшетаудың керемет келбеті туралы жазылғанын айтуға болады.Ең бастысы - әлемге әйгілі атанудың оңай еместігі. Ана бір жылы Семейде өткен кездесуде белгілі каламгер ағамыздың: "Абылай, Құрманғазы, Ақан, Біржан секілді ұлы тұлғаларымыз бар, солар жөнінде осы айдармен мақалалар шыққанын қалар едік" деген тілегіне орай: "Бұл айдарда әлемге әйгілі болуға лайыкты тұлғалар, туындылар, калалар, ғимараттар, кереметтер, құпиялар туралы емес, жер-жаһанға аты жайылып үлгерген жайлар туралы жазамыз. Жаңағы айтқан асылдарымызды өз биігінде таныту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымызға тура келеді", дегеніміз бар еді.

ЕЖЕЛГІ ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

Т.Г.Шевченконың мұражайына 70 жыл

Жақында Форт-Шевченко қаласындағы Т.Г.Шевченконың мұражай кешенінде орталык, кітапхана ұжымының, ұйымдастыруымен мұражайдың құрылғанына 70 жыл және ұлы акыннын Новопетровск бекініснен кеткеніне биыл 145 жыл толуына байланысты «Туысымыз біздің, досымыз біздің» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Оразмұханбетнама жазыла жалғаса, жалғаса бермек

Маңғыстаудың қай атаулы тұлғасы да мені бей-жай қалдырып көрген жоқ. Ал, Оразмұханбет-Орекең (құжатта жазылған есімімен атағанды жөн көрдім. -Ә.С) болса сірә орны бөлек қой. Ол кешенді зерттеу тақырыбы. (Бұрын да болған, енді тіпті бола түседі). Бұл мәселеде менде қордаланған тәжірибе алдымен құжатты дерекке жүгіну. Орекең жайлы олар 1990 жылдары жоққа тән. 1986 жылы Ленинградқа барған сапарымда жанама деректер болмаса, тікелей өнжеулі ештеңе қолыма туспеді

Қазыналы түбектің мұнай шежіресі осылай басталған

Маңғыстау мұнайына – 50-жыл

Қазақстан аймағындағы бірінші мұнай бұрқағын Жем-Каспий серіктестігі Қарашүңгілдегі ұңғыдан алды. Ұңғы тереңдігі 40 м. Тәуліктік өнім 22-25 тонна. Мұнай Бакудікіне қарағанда көп жеңіл болып кәсіпкерлердің назарын бірден аударды. Бұл оқиға қазақ жеріндегі мұнай өндірудің басы болып саналды.

ЖАЛАУТАНУ ЖАЛҒАСУЫ КЕРЕК

Кеңестік кезеңде, соның ішінде республикамыздың қалыптасу кезеңі болған жиырмасыншы жылдардың алақауданында ғұмыр кешіп, халқына қорған болмаққа жанын аямаған, солай бола тура еліне әлі күнге толыққанды танылмай жатқан тұлғалардың ішінде Жалау Мыңбаев есімі алдымен ауызға алынар еді.

1 бет. Барлығы: 8