Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау
Маңғыстаудағы жартас суреті, ондағы таңбалар жөнінде А.Г. Медоев, М. Меңдіқұлов, М.А.Мирзоев, өзіміздің Есекең, Есбол Өмірбаев өз еңбектеріне арқау еткен еді. Әсіресе Маңғыстау тас ғасырын көп зерттеген А.Г. Медоев Маңғыстаудағы жартас бетіндегі сурет таңбалар туралы "... оларды саяси плакаттың әуел бастағы белгі нышаны ретінде де қарастыруға болады. Қалың елге ыкпал әсері жағынан олар орхон үндеулерінен кем түспеген. Олар әмбеге аян, ұғынықты болып келеді.