«Қара алтынға» толы қазыналы өлке
Елімізде «қара алтын» өндіру 20 жылдың ішінде жылдық мөлшерін төрт есеге көбейтті, ал әлемде бұл көрсеткіш бір жарым есеге ғана артып отыр. Мұнай нарығындағы мемлекеттің ғаламдық үлесі 10 пайызға өскендігі де хақ. «Қара алтынды» өндіру мен экспорттаудың әлемдік деңгейдегі жаңа орталығын Қазақстан дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды шараға «Маңғыстау-мұнайгаз» АҚ-ның қосып отырған үлесі де зор. Маңғыстау мұнайы биыл 50 жылдық торқалы тойын атағалы отыр, бұл күнді де маңғыстаулық мұнайшылар зор жетістіктермен қарсы алуда.