Сисем ата зарыға күткендей

Іргелері мүжіліп, күмбездері жарылып, құлпытастары қисайып, бір сөзбен айтқанда шаңырақтары шайқала бастаған Сисем ата бізді зарыға күтіп жатырған секілді боп көрініп кетті. Сіздер басқаша ойлап қалмаңыздар, біздер оларға тірілей қажетпіз.

... Қай елге, тіпті шағын ауылға барсаң да адамдар мінезінде бір ортақ қасиет бар екенін байқайсың. Барлығы да қонақтарына әуелі өз елінің көне мәдениетін, ескі ескерткіштерін көрсетуге тырысады, ал сонан соң өмірден өткен атақтыларымен мақтанады. Бүл тегін нәрсе ме? Әрине, тегін емес. Оларға солай еткізіп жатырған жалғыз-ақ күш бар. Кез-келген ел мәдениетін сырт көзге бағалатар жалғыз көрсеткіш қалыптасқан.

Көрсеткіш аты - ел азаматтарының көне мәдениетке көзқарасы!.. Сондықтан да болар, «өткенін ойламаған болашақтан үміт етпеуі тиіс» деген қанатты сөз өркениетті елдердің ұранына айналғанына біраз заман болған екен

Осы мәселеге байланысты 1997 жылдың 30 сәуірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолы бойымен туризм инфрақүрылымын дамыту жайлы Бүкілдүниежүзілік туризм ұйымы мен ЮНЕСКО-ның жобасын және Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының ташкент Декларациясын іске асыру туралы» Жарлығын орындау үшін «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. бағдарлама ғылыми зерттеу,жобалау, қалпына келтіру, қайта жаңғырту, консервациялау,музейлендіру, т.б. салалар бойынша ірі біраз жұмыстарды атқаруды ¬міндеттеген болатын...

Біз бүл Бағдарламаларды тізбелей жазып отырғанда йтпағымыз-мемлекетіміздің тарихи ескерткіштерге деген көзқарасы анықталған, оларды сақтауды, қорғауды, рухани, тіпті экономикалық мақсатқа пайдалануды міндеттеп отыр. Тек қана өкінішті жағдай Президентіміз, мемлекетіміз соншалықты мән беріп отырған осы мәселені орындау барысында жергілікті жерлерде кешеуілдеу бар. Маңғыстау - ежелгі адамдардан бастап күні бүгінге дейін қызған тіршілік ордасы болған мекен. Сондықтан да бүл жерде сансыз тарихи, сәулеттік дәрежесі жоғары пантеондар көп болған. Бірақ соңғы 100 жылда ессіз қалған ескерткіштер қауымы өзінің тарихилығы, ескінің көзі деген атағынан айырыла бастады.

Қымбатты маңғыстаулықтар! Қинала отырып сіздерге Маңғыстаудағы әлі толық бүлдіріліп үлгерілмеген жалғыз тарихи пантеон қауым - Сисем атаны бүлдіру жүмыстары соңғы кезде жеделдете іске асып жатырғанын жеткізгім келеді.

23-24 шілде күндері облыс әкімінің орынбасары С. Макежанов мырза бастаған бір топ адамдар Сисем ата басына барып қайттық. Көпшілігі істеп жүрген қызметтерімеқ кісілік парыздарымен осы мәселеге жауапты қызметкерлер болғандықтан өз пікірлерін баспасөз ¬беттерінде айтар деп дәме еттік те аттарын атап жатпадық.

Перзенттік парызымыз бүрын бізге «Сисем ата - Маңғыстау пантеоны» атты мақала жаздырған еді. Сол мақаладан қысқаша үзінді келтірелік.

«...Сисем-Ата бабалардан қалған бас енші!...

Өркениетті дейтін елдерде ата-бабаларының басына тас қойып, ол жерді құрметтеп, аса қамқорлап күтетін әдет бар. Олар әлгі қауымын «пантеон» деп атайды екен. Пантеоны бар ел басқаларға мақтана қарайды. Олар өздерінің ежелгі тарихы бар екеніне, текті ел екеніне мақтанады.

Ал олардың пантеоны сәулеттік сәнін салыстырғанда да, еткен еңбектерін салыстырғанда да біздің Сисем-Атаның шаңына ілесе алмайды. Олардың түсінігіндегі нағыз пантеон ол - Сисем-Ата».

Қауымның шет орналасуына байланысты соңғы кездегі адайлардың «бабалар басына күмбез түрғызу» бәсекесі барысындағы тартыстан аман қалған жалғыз қауым осы Сисем-Ата еді... Енді «әттең»...

«Әттең» деп бекер айтпаған болып шықтық. Біздің көзімізше бір КАМАЗ таспен жаңадан жерленген бір адам басын қарайтпақ болғандар жүмысқа кірісіп кетті...

Бабаларымыз бен аталарымыз тұрғызған Сисем атаны қалай сақтап қаламыз?

Сисем атаны қалпына келтіру, реставрациялау және сол секілді барлық істелінетін шаруаларды екінші кезекте деп есептеп, ендігі жерде бір күн кешіктірмей Сисем ата қауымын облыстық әкімшіліктің, мәслихаттың, аудан әкімшілігінің, Сай-Өтес ауыл әкімшілігінің қамқорлығына алынуы қажет деп есептейміз. Сол маңайды болашақ мемлекеттік қорық-музей болатын жер деп жариялап, 200-300 гектардай жер бөліп, рұқсатсыз кісі жерлегендерге айыппұл мөлшерін көрсетіп, заңдастырған дұрыс болар еді.

Сисем ата басында қорықшы үстап, ендігі жерде қауымға, қауым маңайына бірде-бір мүрде жерленбеуін, бірде-бір ескерткіш жаңартылмауын жүзеге асыру қажет. Облыс әкімдігі Мәдениет министріне Сисем атаға айырықша көңіл бөлу қажеттігін сұрап хат жазса дұрыс болар еді деп есептейміз.

Осындай шаралар арқасында ғана Сисем ата өзінің пантеондық дәрежесін сақтай алады.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Сисем атаны Дүниежүзілік сәулет ескерткіштері дәрежесінде ЮНЕСКО-ның есебіне алуын сүрап өтініш жасайтын кезі келген секілді.

Сайын НАЗАРБЕКҰЛЫ.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, этнограф.