Ата туралы сөз

2010 жылы ағартушы, гуманист, рухани ұстаз, қол бастар көсемдігімен, елді ұйытар шешендігімен танылган, бүтін бір ұлыстың жауға шапқанда - рух көтерер ұранына, тауы шағылғанда - медет тұтар піріне, қараңғы қапаста - шұғыла шашар шырағына айналған Пір Бекет атаның туғанына 260 жыл толды.

Бекет Мырзағұлұлы 1750 жыл Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келіп, 1813 жылы Маңғыстау облысы Оғландыда бақилық болған данагөй, халық батыры, абыз, ағартушы, сәулетші. Маңғыстау, Үстірт, Атырау өлкелерін мекендеген Кіші жүздің Адайтегі Қосқұлақ руының перзенті.

Тұңғыш Елбасы, Ұлт көшбасшымыз Н. Ә. Назарбаевтың

«Елордамыз және қазақ елі рухани бірліктің мекені болуы керектігін» атап айтқан еді.

Ал осындай тарихи қастерлі жолдың бастауында елді аузына қаратқан әулие-әмбиелер, пірәдар-ғұламалар, жүрегі түкті баһадүр-батырлар тұрған еді. Сөйтіп, қазақ халқы ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін орнату үшін жатжерлік басқыншы жаулармен арпалысты. Ел тәуелсіздігі ғасырлармен өлшенерлік ұзаққа созылды, мыңдаған жұмырбастыны құрбан етіп, аса қымбатқа түсті. Халқымыз ұйытқып соққан экономикалық жэне рухани дағдарыс тезіне әлденеше душар болғаны тарихтан аян. Алайда, қасиет дарыған қазақ халқы аңсаған тарихи жеңіске жетті. Міне, соғаи 20 жыл тола келді. Қазақстанымыздың егемендігін әлемнің жүзден астам мемлекеті таныды.

Күллі қазақтың ел болып ұйысуына, сол арқылы тэуелсіздігімізді жақындату жөніндегі тарихи миссияларын әулие-әмбиелеріміз, пірәдар-ғұламаларымыз, баһадүр-батырларымыз атқарып өткен. Бұл тарихи миссияны олардың келесі ұрпақтары қалтқысыз одан әрі жалғастыра, дамыта берді. Осындайда ұлы гуманистер: Қожахмет Иассауи, Бекет аталар есімдері алдымен еске алынады. Олар пендауи кемтарлықтан рухани дағдарысқа ұшырау қоғам, халык үшін әлде қайда ауыр екеніне бек назар аударған еді. Бұл дағдарыстың түбі -адамдардың иманын, адамгершілігін әлсіретіп, өмірдегі негізгі мақсатынан, ізгілік жолынан алшак кетуге итермелейді. Жеке бастың қамы үшін арын, ділі мен тілін сатушылық сияқты теріс құбылыстарға жол ашыла бастайды. Міне, осындай қазақ қоғамына, адамзат болмысына жат құбылыстармен күресті ұлы ойшылдар гуманистер ілімін дұрыс және толымды қолданумен табысты жүргізе алмақпыз.

Атақты «Маңғыстау» дастанының авторы Түмел Балтабасүлы былай жырлайды:

Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп, кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін қожа-молда қолмен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері, - деп таныстыра толғайды.

Кәрі нағашысы Есет батырдың он үш жасар Бекетке берген батасынан үзінді оқиық: Үстіңнен дүбір кетпесін, Құлағыңнан сыбыр кетпесін, Ақ-қараны айыратын боларсың, Атыңның өзі айтып тұр, дүр боларсың Еліңе шуақ шашар нұр боларсың Үш жүзге атың шыгар Пір боларсың.

Уақыт көші дәлелдеп отырғандай, қарт батырдың сәуегейлігі айнымай келді.

Аты аңызға айналған Бекет Ата Мырзағұлүлына Алла тағаланың дарытқан таңғажайып қасиеттерінің құпиясын адам баласы шеше алмайды. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда, Бекет ата - феномен тұлға, тарихта сирек көрінетін қүбылыс. Ақтан жаралған бүл құбылысты пайғамбарымыз Мүхаммед (с.ғ.) бастаған күллі мүсылман әлемі орбитасына қосылған жаңа жұлдызға теңесе болар. Басқасы басқа, Бекет атаның Оғыланды тауындағы мәңгілік мекеніне зиярат етуге келіп жатқан халықта есеп жоқ. Күн өткен сайын зиярат етушілер қатары артуда. ТМД елдерінен ата аруагына алыс-жақыннан жол азабын аса сезінбей, пір Атаға табынушылар ағылып келіп жатады. Мұның бәрі тектен-тек емес.

Ұлы баба өмір сүрген дәуірде,оған дейінгі замандарда да жатжерліктер Маңғыстау түбегіне көз алартудан, оның байлығына ие болу сияқты жауыздық ниетінен танбады. Оларды 360 әулиелі мекеннің елі мен жері қызықтыра берді. Сол үшін де жан-жақтан толассыз, қанқүйлы шабуылдар жасалды. Бекет ата өзі қатысқан, не оның аруағына сиынып соғысқан қазақ жасақтары әрдайым жеңіске жетіп отырған. Пір Бекет бірде алақұйын дауыл болып, бірде нөсерлеткен жауын болып, бірде жауларының көзін тағалап, аз қолды көп қылып көрсетіп, аққу, қаз болып ұшып, өз елін, жерлестерін қолдап та, қорғап та тынымсыз өмір кешкен. Бір қарағанда аңыз сияқты. Бірақ халық жады осылайша сыр шертеді. Ондай жұмбақтың толық шешуі келешектің еншісінде. Ал анығы мынада: Пір Бекет ата әркашан туған халқымен бірге болған, керегіне жарап адал қызмет еткен. Сонысымен қазақ халқының тәуелсіз ел болу мұрат-мақсатына баға жеткісіз үлес қосқан.

Жоңғар, қалмақ, Қоқан, Хиуа хандықтары, т.б. жат жерліктердің шапқыншылығынан Ресей патшасының бодандығынан, ең ақырында, кешегі Қызыл империя қысымының бүғауынан соңғы 20 жылда шыққан жас тәуелсіз еліміз үшін, бүгінгі таңда рух тәрбиесінің, ұлттық намысты биік ұстаудың алатын орны ерекше.

Бүгінгі адамзат әлемдік деңгейге көтерілген ұлы рухани ұстаздарын Аристотельді, Әл-Фарабиді, Қожахмет Иассауиді, Бекет атаны зор мақтан санайды. Шексіз құрметтейді. Олардың өшпес ілімдеріне қайта-қайта оралады. Қарапайым өмірде, қоғамда, іс-қимылда сондай жаһандық ілімдерді басшылыққа алады. Өйткені, олар Жан Жак Руссоның сөзімен айтсақ, «Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау» дарынына жеткен тұлғалар.

Оның солай екеніне Пір Бекет атамыздың өмір және қызмет жолы бұлтартпас дәлелдердің бірегейі. Пір Ата өмір сүрген жылдары күн тәртібіне қойылған түбірлі елдік проблемаларға жанымен де, тәнімен де тікелей ат салысты. Ондай өткір проблемаларға: елдің бірлігін сақтау, рухани тұтастықты қалыптастыру, сыртқы басқыншы жаулардан қорғану және басқалары жататын. Бекет Атамыз шетел және республика тарихында есімдері хатталған Адай-Атағозы, Өмір, Табын-Ғарақ, Байбақты Сырым батырлардың замандасы. Тек замандасы ғана емес көбімен жақын байланыста ұлт-азаттық қозғалыстардың демеушілері, ұйымдастырушыларына айналды. Бекет Ата әйгілі замандастарының күресін бірауыздан қолдады. Бұған тарихи деректер, ел аузындағы мәлімет-әңгімелер аз кездеспейді. Мысалы, Өмір батыр қолы оңтүстіктегі көрші елдің бірінің Құрақбай батыр деген басқыншыларымен қанды шайқасқа түседі. Сол шайқасқа Бекет ата қатысып, казақ жасактарының рухын көтереді, жігерлендіре түседі. Нәтижесінде басқыншылар масқара боп жеңілген.

Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбіт өмір орнатуды, көршілес елдермен достық қарым-қатынас құруды армандаған Бекет Ата Дулығасын-Сәлдеге, қолдағы Көк найзасын-Асаға айырбастап, дін жолына біржола түсіп, Хиуа медресесіне оқуға жол тартады. Мүнда атақты Бақыржан хазыреттен дәріс алады. Бекет атаның білім алу жүйесі де өзгеше болған. Яғни медресені бітіріп кете бермеген. Өзінің пірінің жеке тәрбиесінде болып, жанында жүріп, ғылыми-білімін, рухани тэрбиесін үштай, кемелдендіре берген. Алған білімінің тереңіне бойлап, оны пысықтаумен шүғылданган. Пірліктің ережесіне сай, ұстазы көзі тірісінде өзіне лайықты шәкіртін тауып, өзінің жолын лайықты жалғар түлғаға пір атағын беріп кетуі шарт. Бекет бабамыз 40 жастардың шамасында Бақыржан хазыреттің шынайы ықыласымен пір атағын иеленген. «Пірдің соңы -Бекет, ердің соңы - Есет» деген, мұсылман дінінің сопылық бағытының жарқын өкілі деңгейіне көтеріледі.

Енді біздерге Сайид Мүхаммед Бақирдың (қазақтар Бақыржан деп атап кеткен) сегізінші үрпағы Назарбай Ражаббайүлының, бүгінгі Ишан-қаладағы кешеннің ғалымы Кәмілжан Құдайбергенұлдарының көмек-жәрдемін пайдалана отырып Бекет ата мұраларына, мұрағат қүжаттарына үңіле зерттеуге қолайлы мүмкіндік туып отыр. Бұйыртса солай болар деп сенеміз.

Хиуа мемлекетінде әрбір хан өз дәуіріне сай білім ордасын салуды дәстүрге айналдырған екен. Бекет бабамыз Ишан қаладағы Шерғазы хан салдырған медресені ұлы замандастары - түрікмен халқының классик ақыны Мақтымқұлы Пырағи (Азади), қарақалпақтың сөз зергері Әжінияз Қосыбайұлы, өзбек ақыны Пахлаван Равнак т.б. талантты жандармен бірге оқып бітірген. Бұл оқу орны халық арасында «Маскани Фозилон», басқаша айтқанда, «Білімдарлар ордасы» деп аталады.

Заманында ұлылар оқып, дәріс алған білім ордасында даңқты түлектеріне арнаулы музей-залдар ашылған. Адалы сол

- Бекет-Атаға осындай зал ашу жөнінде ұсыныс-пікір болған. Оны құнттап, нақты іс-шараға кірісетін уақыт жетті.

Бекет Ата еліне оралып, ұстазының ұлы ісін жалғастырып, Маңғыстаудың әр жерінен мешіт салған. Елді бірлікке, дінге, білімге шақырып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға Бекет ата өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол салдырған мешіттердің бізге белгілісінің өзі алтау. Құрылыс жобаларының авторы да өзі болған. Олар: қазіргі Құлсарыға жақын Ақмешітте; Үстірттің батыс жағындағы Оғланды тауында; Ескі Бейнеуде, Бозашыдағы Тобықтыда және Үстірттің шығысындағы Арал теңізінің батыс жағындағы Баялы деген жерде.

Сөйтіп, «Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы» деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет Ата бүкіл өмірін оқумен жэне оқытумен өткізген.

Ұлы баба есімі өз түсында Бүхара, Хорезм мекендерінде жарық көрген энциклопедиялық ғылыми кітаптарға ыстық ықыласлен енген. Мысалы, ғүлама Тазкираи Мухаммед Бахирдың кітабының 168-ші бетінде: «Бекет Ата өмірінде қиындықтарды көп көрген, адам таңқаларлық кереметтер істей алатын үлкен қасиет иесі, сопылықтағы ең жоғарғы мәртебесі «машайық» дәрежесіне жеткен, түріктер мен өзбектер арасында атағы кең жайылған белгілі адам еді. Ел оны Ахмат (мақтаулы) деп сипаттаған. Көңілінде бір Алланы үстап, құлшылығын өз уақытында орындап отыру тек жасы ұлғайған адамдарға тән әдет болса, ол жас кезінде де Аллаға сол үлкендерше құлшылық ететін еді», деп бағаланған.

«Рисолайи хилфат суфихо» кітабының 11 -ші бетінде: Бекет Ата «Пайғамбарымыздың сүннетін көзінің қарашығындай сақтаушы және оны таратушы, мұсылман қауымының ішіндегі ең ұлысы әзизі әрі қадірлісі. Аллатағалаға ең жақын және Аллатағаланың алдында ең құрметті, өз дәуірінің ұлы сопысы атанған адам,» деп тамаша суреттелген.

Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевша айтқанда, «Ұлы Баба әлсізге - Медет, күштіге - Айбар, зарыққанға - Жебеу, тарыққанға - Демеу, асқанға - Тосқан, сасқанға - Сая, ұрпаққа - Ұстаз, ұлысқа - Ұран, ел Иесі, жер Киесі» болған, бола да бермек. Сондықтан Әбекеңнің аузынан шыққан, қаламына ілінген лебіздері халқымыздың арасында қанатты сөзге айналып отыр.

¥лы ғұлама, пірадар осындай ұлан-ғайыр биіктікке қандай ғылымдарды игеріп көтерілді екен? Бұл сұрақтың жауабы терең ғылыми зерттеу арқылы ғана тұшымды тұжырымдалмақ.

Бабаның өзбек, түрік, парсы елдерінде сақталған еңбектерін, не ол туралы жазылған дерек көздерін, кітаптарды жинақтап, жұртшылықтың назарына ұсыну - алдағы күндердің міндеті. Облыс әкімінің мұрындық болуымен Маңғыстау өңірінде ата есімімен байланысты тарихи орындардың бәрін де дерлік оларды жөндеу, қалпына келтіру, арнаулы қорыққа айналдыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бекет атаның өзі ұстаньш қолданған жеке дүние-мүліктері, жәдігерліктері жинақталды. Қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері бұл бағытты тыңғылықты ізденісі, тиянақты істерімен көрінді. Кейбір деректерді алға тосайық.

Байрамалы қаласында - Түркменстан жері, тұратын баба ұрпағы Сәндібеков Бердіхандағы Атаның асасы, Жетісай қаласында тұратын Аралбайұлы Көбен ақсақалдағы Ата тұтынған үйдің маңдайшасы, Түркменстанның Ташауыз облысы Октябрь ауданындағы Дүйсеханов Түрікпенбай шаңырағындағы Ата қолданған «қара Құран», Ақтөбе облысында тұратын Нәкешов Тұрсынғалидағы Ата асасы, Оғыландыдағы Бекет Ата мешітін 2000 жылы қалпына келтіру жұмысы кезінде табылған шапашоттар, Атамыздың пірі Бақыржан бабаның тасбихы, Маңғыстау облысы Опорный елді мекеніндегі Айсұлу Таңбаевадағы Атаның сырт киімі т. б. бұйымдары жиналып, халыққа көрсетіліп, ұлы баба аруағына тағы да тәу еттік. Баба ұрпақтары, туған ел бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.

Бала күнімізде ең бірінші санамызға сіңген есімдердің бірегейі-Бекет, Бекет ата болатын. Содан ба екен, атаның есімі аталса, кенеттен тың күш қосылғандай, әлі күнге дейін жадырап, арқаланып тұрамыз. Соғыстан кейінгі тұрмыс жүдеу шақта аталарымыз бен әжелеріміз қиналса да, не болмаса қуанса да, «Иә, Бекет», - деп атаның аруағына сиынатын. Былайша айтқанда, осы бір аяулы есім талай жанды қысылғанда қолтығынан демеді, қуанғанда қасында болды. Обал, сауапқа көп мән бермеген қатыгездеу қоғамда өмір сүргенімізбен, ата-әжелеріміздің имани, мұсылманшылық бағытта берген тәлім-тәрбиесінің арқасында жүрегіміздегі Аллаға деген, Пір атамызға деген сенімімізге қылау түсірмедік.

Осы орайда ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов: «Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің сң үлкенін қайда салдырды? Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты: Атаны іздесек, жүректерден іздейік!» - деуіне ықыластана қосыламыз.

Еліміз егемендік алғалы бері Қазақстанның түрлі аймақтарынан: «Бекет Ата туралы ғылыми танымдық ақпараттар, материалдар көбірек жарияланса» деген ұсыныстар бой көтеруде. Өте орынды, бүл ұсынысты қолдаудың алғашқы қадамдары жасалуда. Ата туралы деректі екі фильм түсірілді. Бұл фильмдердің жобасы одан әрі пысықталынуда. Ата туралы шыққан кітаптың бірін ата ұрпағы Ислам қажы Мырзабекұлы құрастырған еді. Бұл кітап орыс тіліне аударылды, баспасөз бетінде жарияланды.

Дінтанушы теолог-ғалымдар діни кемелденуді төрт сатыдан тұрады деп есептейді. Олар: Бірінші саты - шариғат деп аталады. Бүл сатының шарты мынау: ислам дінінің талаптарын қатаң сақтау, құран уағыздарын бұлжытпай орындау. Екінші саты - тариқат. Бүл сатыдағы адам өзін-өзі ұмытып, құдай жолына түсуі, ұстаз-пір тауып, сопылық бауырластыққа кіру керек. Үшінші саты - маарифат. Ол -құдайды ақылмен емес, жүрекпен тану, Аллаға шын ғашық болу деген сөз. Төртіншісі - хақиқат алаңсыз дін жолына түсіп, ақыргы мүратқа жету, хақпен дидарласып, өз өмірін осы жолда сарп ету болып табылады. Бекет ата сопылық ағымның сатыларынан толық өткен, Маңғыстаудан шыққан бірегей пірадар. Теолог-ғалымдар ойы осыған тоғысуда.

Ұлы хакім, Абай: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.

Бекет атаның бүкіл ғұмырын Ұлы Абай өсиетіне Хақ жолына, дін-шариғат жолына адал қызмет етуге, туған халқының бақыты жолындағы күресіне арнап өткізді. Рухы кіршіксіз ел иесі Бекет ата аруағын көзі тірісінде қолмен ұстатқандай жеті жұртқа паш етті. Киелі аруақ иесі Алла берген асыл қасиетімен кейінгі ұрпақ өкілдерін өзі жарық дүниеден озса да желеп - жебеумен, құдірет биігінен көрінумен келеді. Әуелі Алла, қала берді Мұхаммед пайғамбарымыз, Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожахмет, Маңғыстауда -Пір Бекет, деп өрілетін ақ батаны қабыл алмас қазақ кездесе ме екен жалғанда? Абзалы сол - Адайда пір атаның аруағы дарыған абыздар, шүкір, аз емес. Осыған орай XIX ғасырдағы екі бидің сөз қағыстыруларына келтірмекшіміз.

Байболдың Есенғұлының Қадірінен тараған Қалдыбай биінен Әлім елінің бір ақсақалы:

- Мұңалдарың көкірегін қағып, төсін ұра береді, олардың көкірек қағатындай Бекеттен басқа кімі бар еді? - деп сұраулы.

Сонда, Қалдыбай би:

- «Бекет - Мұңал да емес, Адай да емес, қазақ та емес, Бекет - адамзатқа танытар мұсылманның асылы. Ал, Мұңалдың мақтандары баршылық. Айтсам, қалың дұшпанды қақ жарған, қырық батыр шыққан Қырықмылтық деген ауылымды, қара қылды қақ жарған, қырық би шыққан Қырымқұл деген ауылымды, адал мен арамды, обал мен сауапты, парыз бен уәжіптің арасын ашып, дінді насихаттаған қырық ахун шыққан Құрым деген ауылымды айтамын. Осы үшеуі - қара шаңырақтың құты, Мұңал ошақтың үш бұты», деген екен.

Ал Мұңал ошақтың Түркстан өлкесінде Ташкентке жақын Қазығұрт тауы баурайында сақталғаны жөнінде деректер баршылық. Алшын елінің құрамындағы Адайлардың осы маңды, Әзіреттің Алатауын мекендегені ақиық ақын Қашағанның дастанында жыр тілімен көрсетілген.

Елбасымыздың: «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық, балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы» деген ұлағатты, сөзін басшылыққа алған егеменді еліміз Пір Бекет атаның мерейтойын халықаралық жоғары деңгейде атап өтті.

Осынау акция Қазақстанымызда өткен Әлемдік жэне дәстүрлі діндердің үш бірдей съездері шешімдері мен қағидаттарын орындау жолындағы нақты қадамға айналды. Пір Бекет атаның мерейтойы - халықтар достығын, татулықты, бірлікті, қоғамдық келісімді уағыздау сияқты адамзаттың мәңгілік құндылықтарын - қайырымдылықты, ізгілікті, әділдікті, т.б. қалыптастыру, жастардм гуманистік рухта, отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу рухында өтті. Діліміз бен дініміздің түпкілікті кайта оралу үдерісіне соны леп, жаңа екпін қосты.

Даңқты мүшелтойдың «Тұсау кесу» құрметіне Жетісай қаласы азаматтары, жүртшылық өкілдері ие болды. Ол ас 29-30 мамыр күндері өтті. (Оңтүстік Қазақстан облысы). Несі бар, орайы келген қайырлы қадам болғай! Қалың жұртшылық бүған осылайша баға беріп, құп алды. «Мединеде - Мұхамбет, Түркістанда - Қожахмет, Маңғыстауда - пір Бекет» деп, қарттардың бата беруі осындайда еріксіз ойға оралады. Бекет ата Қожахметтегі Пір - ғүламаны ұлы ұстазы санағанын ғалымдар да, халқымыз да толық қуаттайды. Олай болса, атаның мерейтойын оның сүйікті ұстазы Қожахмет ғұлама мекенінен бастау -әдептіліктің бірегей белгісі болар. Сол-ақ екен, ізгілікті эстафета республика аумақтары іліп экетті. Тамыздың 6,7 жұлдызында Тобықты мешітінде Бекет ата рухына ас берілді. Осының қарсаңында Ақтөбе облысы Мұғалжар мешітінде осындай шырайлы шара табысты өткен болатын. Шырайлы атануының себебі - осы күлдікте Бекет Атаның бүған дейін беймәлім болып келген, ескі мешітінің орнының табылуында жатқан еді.

Маңғыстау облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың ұйымдастыруымен Пір Бекет ата мерекесі жан-жақты дайындықпен қолға алынды. Алматы облысының әкімі, ұлтжанды белгілі азамат Серік Үмбетовтің қолдауымен «Үш қоңырдағы» ата асына халық көп жиналды. Елордамыз Астанада 12 қыркүйекте өткен асқа меймандар, жұртшылық және БАҚ құралдары оң баға беріп, есте қаларлықтай деңгейде өткенін атап көрсетті. Алматыдағы ата асының бөліп айтар қырына қысқаша тоқталайық. Осы өлкеде тұратын баба ұрпағы, ғалым Дәулетов Сыдиық Жетісу өңірінде түркменнің аруана түлігін бағып-өсірді, сол арқылы халқымыздың шипалы сусыны-шұбат өнімін өндіруді ұйымдастырды. Осы айтылғанның ғылыми негізін салды. Астың өтуіне-эстафетасы пір Бекет ата мәңгі тыныстап жатқан Маңғыстау облысында 17-18 қыркүйек аралығында, кең көлемде атап өтілді. Ақтау қаласында Пір Бекет атаға арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға өзбек, түрік, Әзірбайжан, Ислам конференциясы елдерінен, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия мемлекеттерінен белгілі ғалымдар, теологтар, палсафашылар қатысты. Ғылыми-теориялық конференция жүмысына Президент әкімшілігінің жауапты тұлғалары, Қазақстан дін істері басқармасының бастығы Әбсаттар қажы, басқа да ресми адамдар қатысты.

Конференцияда Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, оның жұмысын жүргізіп отырды.

Ғылыми-теориялық конференцияның жұмысы отандық, шетелдік БАҚ арқылы ашып көрсетілді.

Бұдан кейін, 79-30 қазан күндері Бекет атаның мүшелтойы қасиетті Түркістан жерінде, Солтүстік Қазақстан жэне Оңтүстік Қазақстан облыстарының күш біріктіре біріге өткізуімен шебер ұласты, әдемі аяқталды.

Ұлан байтақ қазақ жерінде Ұлт көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау хатымен республикалық деңгейде Ата отаны Ақтауда басталған Пір Бекет атаңың 260 жылдық мерейтойы мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұжымдардың миллиондаған отандастарымыз бен шетелдік азаматтардың ықыласты қолдауымен аяқталды.

Сонымен бірге және негізгісі - Ата тойы тәуелсіз елімізде алдында рухани, мәдени салаларда тұрған қадау-қадау проблемаларды, оларды шешуде аруақты ата бабаларымыздың ғылыми философиялық мұраларын, ұстанымын, биік гуманистік мұраларын тиімді қолдану міндетінің көкжиегін ашып берді.

Өткір проблемалар қайсылар? Бұл сұраққа былай деп жауап қайтармас бұрын төмендегі деректерге назар аударып көрелік.

Бүгін таңдағы Қазақстанды бір млн тарта қазақ жастары өзге дінге кірген, 100 мыңдай азаматтың ұлты анықталмауымен келеді. Бұл аз десеңіз 50 мыңдай қазақ қыздары өзге елдің азаматына тұрмысқа шығып кеткен. Тек соңғы он жылда ғана 8500-дей қазақ баласы мұхит асып, бөтен ұлт ошағында көзін сатып, жетімдік қамытын киіп отыр. Қоғамымызда уаххаби, сәләфи т.б. сияқты біздің қазаққа, мұсылманшылыққа жат ағымдар етек алуда. Қоғамымызды толғантатын бұндай жайлар казағымыздың сүттей ұйыған бірлігіне сына қағады. Ендеше, қазақ қоғамының оірлігінің ұстыны-рухани тірегі - ата-бабалардың ақ жолы болып табылады. Басқа жол жоқ. Рухани ұстаздарымыз, айбындап көтерер ұранымыз болған пірадарларымыз: Қожахмет Иассауидің, Бекет атаның, баска әулие-әмбиелеріміздің ақ жолы мен ұлағатты ісіне дақ түсірмейік. Бірлік жолы осы. Бірлік бар жерде тірлік бар.

Өмірзақ Озғанбаев, академик