«Маңғыстаумұнайгаз» - «қара алтын» қалқыған озат кәсіпорын

Әрбір тарихи кезеңнің өзіндік ерекшелігі, өмір салты мен құндылықтары болатыны заңдылық. Сол сияқты белгілі бір кезеңдегі эволюциялық дамудың бойына қуат беріп, мемлекеттің әл-ауқатына арқау болатын экономиканың салалары болады.

«Қара алтынға» толы қазыналы өлке

Елімізде «қара алтын» өндіру 20 жылдың ішінде жылдық мөлшерін төрт есеге көбейтті, ал әлемде бұл көрсеткіш бір жарым есеге ғана артып отыр. Мұнай нарығындағы мемлекеттің ғаламдық үлесі 10 пайызға өскендігі де хақ.