ТАҒЫ ДА ТОБАНИЯЗ ӘЛНИЯЗҰЛЫ ТУРАЛЫ

Тобаңның (Тобанияз Әлниязұлы) 1875 жылы туылып, 1930 жылы атылды деп жазылатынын естіп, біліп жүрміз. Бірақ үкім қашан орындалғаны, қайда жерленгені белгісіз. Мен де, Әбілқайыр інім сияқты, Тобаңның атын толық айтып, не жазып отыруды жөн көрмеймін. Себебі, әруағынан қорқам. Ол кісі жәй адам болмауы керек. Әкем ретінде де, менің ол кісінің атын атап отыруға құқым жоқ.

Маңғыстау бойында Тобаңның өміріне алғашқы болып қалам тартқан Әбілқайыр Спанов «Тобанияз» кітабын жазып, елге таратты. Әбілқайыр сол Гурьев түрмесінде атылды делінген. Тобаңның және оның серіктестерінің жерленген жері туралы түрмеден де, МҚК (КГБ) мекемесінен де қүжаттар таба алмаған. Ел аузындағы әңгімелер де әртүрлі. Менің жоғарыдағы күмән болып отырғаным да сондықтан.

Комиссар Әліби Жангелдин Бозашыда 2-3 ай жатып, Адай уезінің төңкеріс комитетінің төрағасын, сол уақыттағы өлкенің ең лауазымды билік иесін, қалай тағайындағанын білу қазіргі біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселе деп ойлаймын. Ел аузындагы әңгімеде, комиссар халықпен, ру ақсақалдарымен, билерімен пікірлесті дейді. Қаратөбеде 3 күн «сияз» болды дейді бізге жеткен әңгімеде. Осы жинақта төраға тағайындау қалай шешілгенін білу және содан үлгі алу, қазіргі біздің заманымыздағы Қазақстан үшін өте керек-ақ. Мемлекеттік немесе Әліби архивтерінде із қалмауы мумкін емес қой. Жақында «Маңғыстауда» бір қосай руы азаматының сол төрағалыққа үсынылғанын, бірақ оның өзінің денсаулығының нашарлығына байланысты бүл сайысқа түспегені жазылды.Тобаңның сол лауазымға сайланғанының үш үлкен себебі болды деп ойлаймын. Біріншіден-ата тегі. Ол уақытта шыққан тегіне көп көңіл бөлінеді ғой. Тобаң Кенже үлы Қонай батырдың үрпағы. Қонай батыр ел арасындағы дау-жанжалдарға араласпаған ғой. Сол уақытта Кенже руынан мешіт ұстаған моллалар, арабша сауатты адамдар көп болган. Тобаң өзі де арабша жаза да, оқи да білген. Аралас отырған жары, жеменей руларының ауыз біршілігі де және жарының Мәтжан биінің де ықпалы болуы мүмкін. Тобаң жеменей болысы болып, патша әскеріне қазақтан солдат бермегені үшін, түрмеге де жатып шықты ғой. Екіншіден, оның шаруашылықты түсінетіндігі және уйымдастыра алатындығы. Аусардан тары егіп, егін салдырған ғой. Әкесі Әлнияз: «Қарағым, мынауың біздің елде болмаган кәсіп қой. Нәтиже шықса болар еді?» - десе, Тобаң: «Бесқала шығып, өзбек, түрікпенге жем болып, орта жолда тоналып, азаптанып әкелетінің 4-5 қап тары емес пе. Әрекеттеніп көрейік» деп жауап берген екен әкесіне. Үшіншіден ісмерлігі тағы бар. «Анам (Жары Кеще (Мүрат) Сұлтанының Жанбатыр қызы Бибатпа) айтып отыратын. «Байлар қызын ұзатарда, кебіс тіктіртетін. Сыртынан қарағанда оймақтай, аяққа сияды деп ойламайсың. Қызық көріп, әдейі барып, киіп көретінбіз, Аяққа шап-шақ болып тұрушы еді»-деп.

Тобаңның төңкеріс комитетінің төрағасы қызметін қалай атқарғаны қазіргі заманға үлгі боларлық дүние ғой, Оның Хиуа ханына барып, халықаралық бітімшілік жасауы, Адай уезін Қазақстанға қаратуы, шекара белгілеуі, Адай полкін жасақтауы, ел ішіндегі жұмыстары айтарлықтай ғой. Тобаң он адай жігітін Орынборда оқытып, ол жігіттер Орталық Азия мемлекеттерінде басшылық қызметінде болды деген де әңгіме бар. Маңғыстау жерінің құнарсыздыгын, шөл дала екендігін, суының жоқ екендігін үкіметке айтып, дәлелдеп елін көп салықтан босаттырды дейді. Сол салық босаңдығы өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін Маңғыстау халқына тарап келді дейді. Осы себептерін алға тартып және адайлардың бұрынғыдай жаз жайлауға шыға алмайтынын (Атырау, Ақтебе, Орал, Орск жерлеріне жазда көшкен ғой) ескеріп, Ойыл мен Жем бойынан жер сұрап алуы және сонда отырықшылықтандыруы өте үлкен керегенділік, халыққа нағыз қамқорлық істер ғой. Қазір машинамен Шағадамға (Красноводск-Түрікменбашы) жүргенде, түрікпен ағайындарға жаным ашиды. Бекдашыға тірелгенше, шексіз Қазақстан жері. Ен далада, әдемі қыстауды, электр бағаналарын кергенде, Димекең (Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев) есіме түседі, Бұл кісілерге өмір бойы қазіргі де, кейінгі ұрпақ та қарыздармыз ғой. Тағы да анам айтатын: «Тобаңның ел ішіндегі арыздарын шешу үшін арнайы отау тігілетін. Ол кісіге таңертең намазын оқып болғасын шай беретінбіз. Шайды асықпай, өте көп ішетін. Шай дастарқанын жинағаннан кейін, арыз айтушыларды шақыратын. Шабармандарын жіберіп, жауапкерлерді алдыртатын. Тобаң түскі тамаққа шықпайтын. Зереңмен қасына шұбат қоямыз. Тіп-тік малдас құрып отыратын, қисаймайтын. Содан кешкі намазға дейін адам қабылдайтын». Сонда 12 сағат, қозғалмай отырып, жұмыс жасайтын болған ғой.

Тобаңның Адай уезінің революциялық - әскери кеңесінің алғашқы төрағасы болғанын өткен ғасырдың 70-жылдары ғана білдік. Шынында, езімніңТобаң туралы аз-мұз мағлұмат алғаным, 60-жылдардан бастап Ескі Өзенге (қазіргі Қызылсай), Ескі Теңгеге Түрікменстан, Өзбекстаннан кешіп келген ағайындардан Амангелді деген көршім, әрі балдыз, әрі жиен қылып, «әй. хан баласы» деп амандасатын. Замандастары Тобаңды адай ханы деп қабылдаған ғой. Шұбырган Маңғыстау халқымен бірге Тобаңның кіші зайыбы Закіржанын жетектеп, жаяу Түрікменстан асқан ғой. Сол Закіржан ағамыздың жолдастары, қатарлары Жаңаөзенде, Теңгеде көп болды. Олар Закіржан ағамыздың қандай қудалаушылыққа түскенін жыр қылып айтып отыратын.

Закіржан зайыбы Әуесхан бала-қыздарымен 1990 жылы Қызылтөбеге кешіп келді. Сол 1993-94 жылдары наурыздың бас жағында жеңгеміз мал сойып, Ақтау басы, Жаңаезеннен, Ералыдан азаматтарды шақыратын. Жиналғандар Тобаңа ас беру, ол үшін қор құру керектігін айтатын. Жиынның ішіндегілерден қор құрамын деушілер де болды. 1995 жылы Шамабидің үйінде наурызда тағы жиналдық. Теңгеден екі ағамыз, әрі Зәкіржанның жолдастары Алпысбай мен Молдағали келген. Молдакең «әй, Бекболат, тұр (қисайып, жатыр едім) Жаңбырбайға (¥лықпанов) айт, екеуің қор құрың»,- деді. Содан қор құрылды. Әбілқайыр облыстық партия комитетінде Тобаңа ас беру, ескерткіш орнату мәселелерін қоймай көтерді. Жакең облыс басшыларына, барлық ұйымдарға, өз жолдастарына, басқаларымыз ағайындарға қор құрылғанын хабарладық. Бүл облыс көлемінде үлкен шара болды. Облыс әкімі шара алып, аудан әкімдеріне тапсырма берді. Сол 1995 жылдың күзінде Маңғыстау ауданының Онды жерінде 40 ағаш үй тігіліп, ойын-сауық. ат шабыс болып үлкен ас берілді. Оны уйымдастыру мәселесімен Маңғыстау ауданының басшылары және «Тобанияз Әлниязұлы» қорының адамдары айналысып. үйымдастырды. Жаңаөзеннен өз ағаш үйлерімен, тамақтарымен Темір Мыңжас бастаған топ ат салысты. Бұл шынында республика масштабында халықтық үлкен той болды. Алматыдан ғалым-жазушылар Ізтұрған Сариев, Қабиболла Сыдиықов, Ғұбайдолла Айдаров, (марқұмдарға тие берсін) т.б келді. Бұны тәптіштеп айтып отырғаным: Тобаңның аруағына арнап, маңғыстаулықтардың атынан той-ас берілді, ат шаптырылды, ойын-сауық өтті, жырлар айтылды. Енді мұндай шаралардың керегі бола қоймас.

Аты жиі аталмаса, жазылмаса дана бабалар, батырлар даңқы ескіре береді гой. Қонақтарымызға, Маңғыстау халқына, тіпті ақтаулықтардың өздеріне де, әсіресе жас ұрпаққа Тобаң туралы мәліметтер жетіспей тұрған сияқты.. Ескерткіш түр. Балалар 4-5 жылдықта ескерткіш үстіне шығып отыратын еді. Үйім ескерткіш қасында болғасын, балаларға «ескерткіш үстіне мінбеңдер» -деп және ол кісінің кім болганын айтатынмын. Әкімдікке рахмет, биіктетілгеннен кейін, балалардыңескерткішке шығуы қойылды.

Мен 2000 жылы облыстық әкімдікке қордың атынан хат жазып алып, аяқтай барып, Тобаңа арнап «ғылыми конференция еткізейік» деп Бекет атаның 250 жылдығынан кейін барғанмын Сонда әкімдер және мамандар бір жылда екі үлкен шара еткізу қиынга соғады деді. Дұрыс екен деп, былтыр барғаным жоқ. (Бекет атаның 260 жылдығы болғасын). Енді менің ұсынысым. Тобанияз Әлниязұлы төңірегіндегі осы сияқты ақтаңдақтарды ашу үшін 2015 жылды «Тобанияз жылы» деп белгілеп, жоспарлы шаралар өткізсек Ғылыми конференциялар үйымдастырып, республика деңгейіне шығарсақ. Әдеби, журналистика, ғылыми еңбектерге конкурс ұйымдастырсақ ете орынды болар еді. БАҚ, телеарналарда халықтың аузындағы әңгімелер жарық қөріп, сарапталса Тобаң алдындағы перзенттік парызымызды өтегеніміз болар еді. Неге Маңғыстау, Атырау журналистері, өлкетанушылар Тобаң туралы ештеңе жазбайды, теледидардан ол кісінің Қазақстанға сіңірген еңбегі туралы ештеңе айтылмайды. Ең бірінші қалам тартқан ІІМ полковнигі Ізтұрған Сариев, 1955-56 жылдары Тобаңның ақталуына КГБ полковнигі Тасболатов Балтабай көп еңбек сіңіріпті.

Өткен ғасырдың 95-жылында Өмірзақ Озғанбаев Маңғыстау облыстық оқу бөлімінің бастығы болып тұрганда алғы сөзін жазып, Киев Мырзабайұлы мектеп балаларына арнап кішкентай кітапша шығарып еді. Облыс мектептеріне факультативті Тобанияз сабағын өткізу туралы деректеме беріліп еді.

Сол кітапшаны қайта толықтырып, орысша-қазақша шығарса. мектептерде оқылса, кітапханаларда тұрса, өлке тарихын білуге қосылған үлкен іс болар еді. Қазір Тобаң туралы материалдар шығып жатыр. Былтыр «Маңғыстау» газетінің бетінде қыркүйектің 30-санында Алматы тұрғыны «Қазақстан-Коммерция» АҚ директорлар кеңесінің төрагасы Жауғашты Нәбиевтің «Қырдағы қырғын» деген мақаласында өз қаражатына Ізтұрған Сариевтің «Қанды ойран» тарихи хикаятын орыс тіліне аударып, «Степная трагедия» деген атпен шығаратынын және оның 2-ші кітабы Тобанияз Әлниязүлымен оның жолдастарына арналады» деп, жазып еді. Осы кітап қолымызга тиген соң жоғарыдагы айтылған оқушыларға кітапша бағдарламаны толықтырып, қайта басылса. мектепте факультативті сабақ ретінде жүргізілсе, құба-құп болар еді.

Бекболат ІЗТҰРҒАНҰЛЫ
Маңғыстау, 31.05.2011