ЕЖЕЛГІ ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

Т.Г.Шевченконың мұражайына 70 жыл. Жақында Форт-Шевченко қаласындағы Т.Г.Шевченконың мұражай кешенінде орталык, кітапхана ұжымының, ұйымдастыруымен мұражайдың құрылғанына 70 жыл және ұлы акыннын Новопетровск бекініснен кеткеніне биыл 145 жыл толуына байланысты «Туысымыз біздің, досымыз біздің» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кешке мектеп окушылары, жастар, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты.

Кеште ақынның шығармашылыгы, оның мұражайы жөнінде баяндама жасалып, мұражай және кітапхана қызметкерлері, ардагерлер мен мектеп оқушылары,сөз сөйлеп, ұлы ақын туралы, мұражайды құруда қажырлы еңбек еткен азаматтар туралы ой толғап, оларды құрметпен еске алды.

Ұлы ақын Каспийдің осынау таулы-тасты, құм бораған жағалауына еңбекші халықтың бақыты жолындағы игі күресі үшін патша үкімет еркінен айырып, жазу-сызуға тиым салып,жер аударып айдалып келіп еді. Айдаудағы суретші ақын мұндай бұрын көрмеген табиғаты қатал жат өлкеде алдағы өтетін өмірі туралы ауыр ойларға беріліп, Новопетровск бекінісін «құлыпсыз түрме» дел атаған еді. Бірақ, ол көп ұзамай бұл өлкенің тамаша адамдарымен кездесіп, олармен достасып кетті, творчествосына жаңа, тың деректер, тақырыптар тауып, оны байыта түсті, яғни осында болған жылдары оның ақындық, суретшілік шабыты өрлей түсті.

Тарас Шевченко өз өмірінің осы кезеңін он жылғы солдаттық, өміріндегі ең бір жанына тыныштық әкелген бақытты шағына балады..

Ол Маңғыстауда 1850-57 жылдары болған кездерінде өшпес із қалдырды. Мұражайда қойылған экспозиция ұлы Кобзарьдың қазақ, даласындағы өмірі мен творчествосы туралы баяндайды. Ол қазак жерінде 350-дей көркемөнер туындыларын салған, жүзден аса өлең, «Варнак» поэмасын, «Суретші, «Музыкант», «Княжна», «Егіздер», т.б. тамаша повестерін жазды. Бұл жылдары ол тиым салынғанына қарамастан «Байғұстар», «Қазак қызы Катя», «Келі түйген қазак қызы», «Казарма» сияқты, тағы басқа тамаша суреттер салды. Сонымен қатар «Ат үстіндегі қазақ», «Солдат және ажал», «Вильнодағы Анна сарайы», «Новопетровск бекінісі Новопетровск бекінісінің коменданты И.А. Усковтың, портреті сияқты туындылары шеберлігімен көз тартады. Сол уақыттағы Маңғыстау, жалпы қазақ халқының өмірі және бекіністегі әскери тұрмыстың қатігездігі - Шевченко суреттерінің негізгі тақырыбы болды.

Осында айдауда жүріп шығарған «Ойларым, менің ойларым» атты өлеңінде алыстағы Украинасын, айдын шалқар Днепрін еске ала отырып, қазақтардын ауыр тағдырын ойлап тебіренеді. Мұражайдағы көптеген фото суреттер мен кітаптар,архив документтері де келушілерді бейжай қалдырмайды. Олар Тарастың, украин, орыс, қазақ тілдеріндегі шығармаларымен, оның өз дәуірінде жарияланған басылымдармен де таныса алады. Мұражай залында халық шебері Шәми Қарамурзиева тоқыған әдемі «Адай кілемі мен басқұрлар, Қазақстанның халық шеберлері жасаған өзге бұйымдар орын алған. Зал ортасында украин, қазақ оюларымен безендірілген, лентамен көмкерілген ұлы Кобзарь мүрдесінің қасиетті топырағы салынған құмыра тұр.

Мемориальдык комплекс мұражайы Т.Г. Шевченко атындағы барлык мұражайлармен тығыз байланыс жасайды. Маңғыстауға жолы түсіп келген әрбір адам ақын мұражайы орналасқан сонау 1850 жылы Тарас осында айдалып келгенде, жолшыбай Үйшіктен ала келіп еккен бір тал шыбықтан өсіп ұлғайған, тып-тыныш та әдемі саябаққа соқпай кетпейді.

Халықтың мұң-мұқтажын жырлап, онын бақыты ушін күресіп, сол үшін азап шеккен ұлы акын, оны көрген, бірге болған адамдардың, жалпы халыктың, сүйіспеншілігіне бөленді. Тіпті, сонау 1881 жылы патша үкіметі кәрінің күшейіп турған кездің өзінде де Тарасқа бейтарап қарай алмайтын бекініс коменданты Ираклий Алексеевич өз үйі (қазіргі мұражайы) маңында ақынға ескерткіш орнатады. Ескерткіш тұғырын айдаудағы ақынның досы Каражүсіп деген қазак жасайды. Елде Тарас армандаған халық үкіметі орнағаннан кейін ақынға деген сүйспеншілік, құрмет әрі қарай өсе түсті.

1920 жылғы тамызда Адай революциялық комитеті ақын атына байланысты барлық ескерткіш орындарды қорғау, әсіресе Форт-Александровск қаласындағы бақты қалпына келтіріп, сақтау туралы қаулы алды. Бұрын ұлы ақын қанша жырлағанмен Маңғыстау елі туралы басқалар көп біле бермейтін, енді Тарастың есімі арқылы Украинаға, Россияға Маңғыстау белгілі бола бастады. 1922 жылғы 26 наурызда «Степная правда» газет Т.Г.Шевченко өміріменен творчествосы, оның Маңғыстауда болған кезі туралы мақала жариялайды.

1925жылы Қазақ, ССР Халық, комиссарлар Советі Форт-Александровск қаласынан Т.Г.Шевченко мұражайын ашу туралы қаулы алады. Экспонаттар жинау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Шевченко бағының, күтушісі болып қала тұрғыны Сатанғұл Тәжиев тағайындалады. Ол өмірінің соңғы күніне дейін (1960ж. дүние салды) осынау қадірлі орынды ұқыпты сақтап, бағып баптап, атақты «Тарас жертөлесін» тәртіпке келтіреді. 1927жылы 1 мамырда паркте Т.ГШевченконын екінші ескерткіш орнатылады. Халықтың,кәріқұлақты азаматтардың, интеллигенцияның көмегімен, С.Тәжиевтің айналысуымен азды-көпті материалдар, экспонаттар жинақталып, 1932 жылы мамырда мұражайдың ашылу салтанаты өтеді. Оның директоры болып Сатанғұл Тәжиев бекітіледі.

Кеңес үкіметі кезінде Т.Г.Шевченко шығармалары қазақ тіліне аударыла бастайды және мектептерде оқытылады.

1935жылы ақын Әбділда Тәжібаевтың аударуымен Т.Г.Шевченконың Қазақ тілінде тұңғыш кітабы жарық көреді. Тарас шығармалары қазак тілінде 1939жылы екінші рет жарияланады. Оған ақынның сегіз поэмасы, 26 өлеңі енді.

Тарасқа деген елдің сүйіспеншілігі жылдан-жылға өсе түсіп, әдеби кештерде, салтанатты жиындарда оның, аты құрметпен атала береді. Көптеген жанұяларда жаңа туған балаларына «Тарас» атын қоятын болды. Халық оны бұрыннан да Таразы дейтім. Қазак ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Ұлы Кобзарьдын есімін Қазақстанда есте қалдыру мақсатында 1939 жылы оның, туғанына 125 жыл толуы құрметіне әдейі Жарлық шығарды. Бұл Жарлық бойынша Гурьев облысы, Манғыстау ауданының әкімшілік орталығы - Форт-Александровск қаласына Т.Г. Шевченко есімі беріледі. Бұл қазіргі Форт-Шевченко қаласы.

Ұлы ақынның атын алған қала бүкіл дүние жүзіне танымал бола бастады. Қалаға тек қана Кеңестер Одағынан емес, басқа шетелдерден де көптеген адамдар келіп мұражайды көретін болды.Сондықтан мұражай орналасқан бақты, мұражайды одан әрі көркейте,әрлендіре түсу керек болды.Бақтың көлемі үлкейтіліп оның ішіндегі бұзылып қалған шығырлар экспозиция есебінде қайтадан жөнделді.

Ағаштарды суаруға жер астынан су шығарылып, ол техниканың күшімен құбырлар арқылы тартылып, ағаштарға берілетін болды. Мұражай қайтадан жөндеуден өтіп, ішкі көріністері қай¬тадан жасақталды. Мұражайдың жаңаруына байланысты Қазак ССР Министрлер Советінің қаулысымен Форт-Шевченко каласындағы Ұлы Кобзарь мұражайы Т.Г.Шевченконың республикалық мемиориальдық комппекс-мұражайы болып құрылды. Бұл атақты мұражайдың дұрыс жасақталып, жұмыс істеуіне, экспонаттарының көбеюіне жергілікті жерде туып өсіп, білім алған зиялы азаматтар көп еңбек сіңірді. Алғашқы директоры 1960жылы қайтыс болғаннан кейін мұражайды жазушы М.Әбдіхалықов басқарды. Ол 1963 жылға дейін жұмыс істеп, ғылыми -зерттеумен айналысып мұражай жұмысының жақсаруына көп еңбек етті. Ол кісінің жазушылық жұмыспен айналысып Алматыға ауысуына байланысты мұражайды жергілікті өлкетанушы, мұғалім Е.Өмірбаев басқарып, мұндағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 1963жылдан кейін шын мәнінде өріс алды.

Әсіресе, Т.Г.Шевченконың Маңғыстау жылдарының тарихтағы белгісіз беттері қалпына келтірілді. Е.Өмірбаевтың бұл бағытта істеген жұмыстары ұшан-теңіз. Ол алғаш рет Маңғыстаудағы Тарас болған жерлерінің ғылыми картасын жасады. Кобзарь қатыскан Қаратау экспедициясынын маршрутын анықтады. Құнды архив деректерін тапты. Осы істерді қорытындылап Есбол аға украин жазушысы А. Костенкомен бірігіп «Гүлдейді дала» атты кітап жазды. Кейіннен Есекең өлкетану мұражайын құрып, оны экспонаттармен, ғылыми деректермен, материалдармен жабдықтап, өлке тарихының ошағына айналдырды. Еңбегі еленіп Е.Өмірбаевқа Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері деген құрметті атақ берілді.

Е.Өмірбаевтан кейін мұражайды жазушы Қабиболла Сыдиықов, әдебиетші мұғалімдер Ізтурған Бекбосынов, Әбдіраш Ізбасовтар басқарды. 1983-1987жылдары мұражайды басқарған Е.Бекбосынов та ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басқа елдердегі мұражайлармен байланысты күшейтіп, мұражай қорының дами түсуіне көп еңбек сіңірді. Ол жылдары мұражайда Украина, Россия өкілдері, жазушы, ғалым және басқа да белгілі тұлғалар көп келетін. Тіпті Канададағы мұражаймен де байланыс болды. Кейінен де мұражайды қаланың белді- белді азаматтары басқарды. Қазіргі кезеңде де мұражайдағы жұмыс бұрынғысынан бәсеңдеген жоқ. Қуанбай Амалбек, Сүйін Нұрсулұ бастаған ұжым, ағалар ісін жалғастырып, аянбай еңбек етуде.

Т.Г. Шевченконың даңкы әлі де сол күшінде сақталған, бүкіл адамзат ұрпағы оны сүйіспеншілікпен еске алады. Сондықтан да мұражайдың 70жылдығы өз дәрежесінде аталып өтілуі тиіс.

Ш.Шырақбаев, Форт-Шевченко қаласы
Маңғыстау 6.06.2002