Ш. Есенов атындағы КМТИУ ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі
Осы ереже «Ш. Есенов атындағы КМТИУ (Yessenov University-дің (бұдан әрі - YU) ғылыми кітапханасы туралы ереженің» негізінде құрастырылды және кітапханалар мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.
- Оқырмандар құқығы:
Оқырманның:
- ҒК ұсынатын кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтің негізгі түрлерін пайдалануға;
- ҒК қорының құрамы туралы толық ақпарат және ақпарат көздерін іздеу мен таңдауға кеңес түрінде көмек алуға;
- құжаттарды уақытша пайдалану үшін үйге немесе оқу залына алуға;
- кітапхана аралық абонемент бойынша құжаттарды немесе олардың көшірмелерін немесе белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды электрондық жеткізуге;
- ҒК өткізетін іс-шараларға қатысуға;
- ҒК-ның әкімшілігіне әртүрлі сұраныстармен және ұсыныстармен шығуға құқықтары бар.
- Оқырмандардың міндеттері:
Ғылыми кітапхананы пайдаланудың осы ережесін орындауға міндетті:
- ҒК қорынан алынған кітаптарға және басқа құжаттарға ұқыпты қарап, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
- әдебиеттерді алған кезде әрбір басылымды қарап шығып және қандай да болмасын ақау тапса ол туралы ҒК қызметкеріне хабарлайды, құжаттарды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді;
- жыл сайын оқу жылының басында қолда бар барлық басылымдарды көрсетіп, қайта тіркеуден өту қажет; қайта тіркеуден өтпеген оқырманға қызмет көрсетілмейді;
- университеттен кеткен кезде ҒК-ға барлық басылымдарды, оқырман картасын өткізулері және кету қағазына қол қойғызулары қажет;
- басылым жоғалған немесе бүлінген жағдайда ҒК мойындаған және құнына сай жоғалған басылымды ауыстыру қажет (орнын толтыру керек);
- ҒК-ға келгенде тыныштық пен тәртіпті сақтауға және басқа қызметкерлермен, оқырмандармен сыпайы қатынасты ұстауға міндетті.
- Оқырмандарға рұқсат берілмейді:
- баспа басылымдарын және басқа құжаттарды, егер олар оқырман формулярында жазылмаған болса, ҒК-ның бөлмелерінен алып шығуға;
- оқырман картасын өзге адамға беруге;
- ҒК-да орналасқан дербес компьютерде әртүрлі жұмыс түрлерін рұқсатсыз орындауға;
- ҒК бөлмелеріне сыртқы киіммен кіруге рұқсат етілмейді.
- ҒК-ның құқығы мен міндеттері:
ҒК өзінің қызметінде оқырман құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ғылыми кітапхананың міндеттері:
- университет бейініне сәйкес өзінің қорын қалыптастыру;
- ҒК барлық қағаз, электрондық аудио-бейне және басқа тасушылардағы қорларына оқырмандардың қатынасуын қамтамасыз ету;
- оқырмандарға каталогтар жүйесі және кітапханалық ақпарат беру арқылы кітапханалық қордың құрамы туралы толық ақпаратты ұсыну;
- оқырмандарға ақпарат көздерін іздеу және таңдауға кеңес береді, олардың ақпараттық мәдениетін көтеруге көмектесу;
- ҒК-ның қорындағы құжаттарды пайдаланады, сақтайды және есебін жүргізеді;
- өз қорларының түгел сақталуына жауап беру;
- оқырмандардың жоғары деңгейлі рухани және адамгершілігін қалыптастыруға, кең ғылыми ой-өрісін дамытуға, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға септігін тигізетін және ары қарай өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыру үшін гуманитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізіп, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру;
- кітапханада оқырмандарға жайлы жұмыс істеуін қолдап және жағдай жасау.
- Оқырмандардың жазылу тәртібі:
Оқырман ҒК-ға жазылу кезінде белгіленген тәртіпте осы ережемен танысады:
- профессор-оқытушылар құрамы мен cтуденттер, магистранттар және аспиранттар ҒК-ға YU –не оқуға қабылданғаны туралы бұйрық негізінде жазылады;
- ҒК-ға жазылу оқытушылар мен қызметкерлер YU -нің қызметкері жеке куәлігін, қызметкерлерді басқару бөлімінен алған анықтаманы көрсетулері керек;
- Абонементті пайдалану ережесі:
Абонементтегі басылымдар үйге мына төмендегі мерзімдерге беріледі:
- оқу басылымдары – студенттерге, магистранттарға оқу бағдарламалары мен жоспарларына сай бір семестрге немесе оқу жылына; оқытушыларға, аспиранттарға – оқу жылына (15 данадан асырмай) беріледі;
- оқытушылар жаз кезеңінде жұмыс істеу үшін оқу әдебиеттерін 7 данаға дейін ала алады;
- өте қажет оқу басылымдары “қысқа мерзімді абонементке” кіргізіледі (10-нан 30 күнге дейін);
- ғылыми басылымдар 20 күнге 7 данаға дейін барлық оқырмандарға беріледі;
- көркем әдебиеттер 10 күнге дейін беріледі;
- көптомдық басылымдар бір уақытта 2 томнан артық берілмейді;
- ғылыми және көркем басылымдарды басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса (немесе қысқартылған, егер басылым жоғары сұранысқа ие болса) пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін;
- оқырман басылымды алу кезінде әр дана үшін кітап формулярына алған күні, қол қоюға міндетті;
- сырттай оқу бөлімінің студенттері тек сессия кезінде ғана басылымдармен қамтамасыз етіледі;
- оқытушылар, аспиранттар кітапхананың кез-келген абонементін пайдалана алады (университеттен кеткен жағдайда кету қағазына барлық оқу абонементтері қол қояды);
- университеттің оқытушылары мен қызметкерлері оқу жылының соңында, яғни 1 шілдеге дейін барлық кітапхана басылымдарын (бірақ 5 данадан көп емес) тапсыруға немесе пайдалану мерзімін ұзартуға, берешектің жоқтығы туралы бақылау парағын алуға және кезекті еңбек демалысына шыққанға дейін оны бухгалтерия есеп айырысу бөліміне тапсыруға міндетті;
- оқытушылар мен қызметкерлер бақылау парағын тапсырғаннан кейін жазғы демалыс кезінде қажетті әдебиеттерді ала алады.
- Кітапхананың оқу залдарын пайдалану ережесі:
- оқу залында бір мезгілде берілетін басылым саны 7 данадан аспауы керек;
- оқу залының жабылуына 1 сағат қалғанда басылымдарды “түнгі абонементке” алуға болады, саны 3 данадан аспауы керек (энциклопедиялар және басқа анықтамалық басылымдар, жалғыз даналы және кітапхананың негізгі кітап сақтау бөлімінен басылымдар берілмейді);
- “түнгі абонементке” басылым оқырманға кепілге оқырманның жеке куәлігі арқылы беріледі;
- оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысында (СӨЖ) пайдалану үшін оқу залынан құжаттар оқытушының жауапкершілігіне жүктеліп беріледі.
- интернет желісін оқу залдарында пайдалануға болады;
- Электрондық залды пайдалану ережесі:
- электрондық залда YU –не оқуға қабылданғаны туралы бұйрық негізінде қызмет көрсетіледі;
- залға алғашқы келген кезде пайдаланушы тіркеуден және залды пайдалану ережесі мен техника қауіпсіздігі ережесі туралы зал қызметкерінің түсіндірмесінен өтеді;
- интернет желісінде жұмыс істеу үшін жазылу барысында міндетті түрде ақпаратты іздеу тақырыбы көрсетіледі;
- интернет желісінде жұмыс істеу үшін күніне, студенттерге 1 сағат, оқытушыларға, аспиранттар мен магистранттарға – 2 сағат беріледі;
- пайдаланушылар құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға міндетті, компьютер жабдықтарының жарамсыздығын байқаған жағдайда тез арада зал қызметкеріне хабар беру керек;
- пайдаланушылар оқу және ғылыми мақсатта 15 минут аралығында электрондық почта арқылы хат жазысу жүргізуге құқылы. Жеке хат жазысуға рұқсат берілмейді;
- залдарда оқу және ғылыми материалдары бар жекеменшік CD-ROM, аудио, бейнежазбаларды қолдануға рұқсат етіледі.
- 9. Оқырмандардың ҒК пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілігі:
- ережені бұзған оқырмандар 1 айдан және одан көп уақытқа ҒК-ны пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін.