ҮСТІРТТЕГІ ЖЕБЕЛЕР
Жер-жердегі жүздесулерде жұртшылык осы авторлык айдардың аясында жарык көріп жүрген мақалаларға қызығушылығын айта келе, "Біздің өзіміздегі әлемге әйгілі тұлғалар, туындылар, кереметтер, ғимараттар, құпиялы жайлар жайында азырак жазылады" дегендей тілек те білдіріп жатады. Бұған не айтуға болады? Бұл айдардың аясында әл-Фараби, Әуезов, Есік қаласының маңынан табылған "Алтын адамның" ғажайыбы, тартылған Арал трагедиясы, Көкшетаудың керемет келбеті туралы жазылғанын айтуға болады.Ең бастысы - әлемге әйгілі атанудың оңай еместігі. Ана бір жылы Семейде өткен кездесуде белгілі каламгер ағамыздың: "Абылай, Құрманғазы, Ақан, Біржан секілді ұлы тұлғаларымыз бар, солар жөнінде осы айдармен мақалалар шыққанын қалар едік" деген тілегіне орай: "Бұл айдарда әлемге әйгілі болуға лайыкты тұлғалар, туындылар, калалар, ғимараттар, кереметтер, құпиялар туралы емес, жер-жаһанға аты жайылып үлгерген жайлар туралы жазамыз. Жаңағы айтқан асылдарымызды өз биігінде таныту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымызға тура келеді", дегеніміз бар еді.