«Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің (Yessenov University-дің (бұдан әрі - YU) жетекші құрылымдық бөлімі болып табылатын университет кітапханасы жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдістерін, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми зерттеулерін, қызметкерлер, магистранттар, студенттердің кәсіптік білім алуы үшін сапалы ғылыми еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз ету.
Оқырмандарға тек оқу-әдістемелік бағытта ғана емес, олардың әртүрлі сұранысын қанағаттандыратын ғылыми және кәсіби қызметіне ықпал ететін кез-келген заман талабына сай жаңа ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Кітапхананың міндеттері:
- жоғары сапалы білім беру мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету үшін кітапхананы заманауи ақпараттық және компьютерлік техникалармен қамтамасыз ете отырып, ақпараттық-кітапханалық қызметтерді жетілдіру;
• тұтынушылар ақпараттық ресурстарды еркін пайдалану үшін жағдай жасау;
• тұтынушыларға кітапхананың ұсынатын барлық қызмет түрлері туралы уақытылы хабарлап отыру;
• тұтынушыларды толықтай қанағаттандыру мақсатында олардың сұраныстарын зерттеу, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру;
• тұтынушылардың талап-арыздарын, кітапхана қызметін жетілдіру бойынша тілектері мен ұсыныстарын шұғыл түрде қарастыру;
• тұтынушылар мен олардың оқитын әдебиеттері туралы мәліметтерді құпиялықта ұстау;
• тұтынушыларға қажетті басылымдар кітапхана қорынан табылмаған жағдайда, оларды кітапханааралық абонемент арқылы басқа кітапханалардан сұраныс арқылы алу;
• оқыту, кеңес беру, ақпараттандыру арқылы тұтынушылардың ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру;
• кітапхана қорының сақталуы үшін жауапкершілік атқару, берілген кітаптардың кітапханаға уақытында қайтарылуын тұрақты түрде бақылап отыру;
• қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз ету;
• тұтынушылардың кітапханадағы жұмысы ыңғайлы болу үшін жағдай жасау;
• тұтынушылардың кітапхана қорына қолжетімдігін қамтамасыз ету;
• тұтынушыларға каталогтар жүйесі мен кітапханалық ақпараттандырудың басқа да формалары арқылы кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпаратты ақысыз ұсыну;
• Кітапхана тұтынушыларына ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес беру;
• тұтынушыларға каталогтардан, картотекадан, мәліметтер базасынан тұратын, оған жергілікті желілер мен интернет желісін қолдану да кіреді, анықтамалық-іздеу аппаратымен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсыну;
• төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.