Қашаған Күржіманұлы

өмірі мен шығармашылығы (1841-1929)

Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған ақын. Ол 16 17 жасынан ақын атанған, жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан.

Қашаған Күржіманұлы1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.

Бірқатар шығармалары алғаш «Әдебиет майданы» журналында (1935, №5) жарияланды.

Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараңбайларды аяусыз әшкерелеп ("Ескали сұпыға айтқаны", "Оразалыға", т.б.), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді ("Берекет акынға", "Сақыпқа айтқаны", т.б.), елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды ("Ізім шайырмен айтысы", "Ізбасқа айтқаны"). "Атамекен", "Топан", "Адайтегі", "Әзіреті Ғали" дастандарында халыктың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын "Қырымның қырық батыры" деп аталатын жырларды ел арасына таратқан. Шығармалары "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (А., 1967), "Ақберген" (А., 1972), "19 ғасырдағы қазақ поэзиясы" (А., 1985), "Бес ғасыр жырлайды" (А., 1984, II т., 1989, II т.), "Қашаған Күржіманұлы: Топан" (А., 1991), "Алқаласа әлеумет" (А., 1991), «Жыр-дария» (Ақтау,1995) жинақтарында жарық көрген.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін 1991 жылы арқалы ақынның 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Жылма-жыл Қашаған күндері өткізіліп, жыр айтыстары болып тұрады. Қазіргі кезде Қашаған ақынның есімін дүние жүзі біледі. Өйткені ақынның атымен аталатын Қашаған кен орны мұнай-газ көлемі мен қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың санатына кірді.

Бүгінде «Қашаған» кен орнын игеріп, ел игілігіне жаратуда НКОК компаниясының орны ерекше.

Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

Қашаған Күржіманұлы өмірі мен шығармашылығы

Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі

Күржіманұлының дүниеге келгеніне 170 жыл толуына байланысты жаңадан шығарылған басылымдарына библиографиялық шолу

Қайсар тілді Қашаған әдебиеттер көрсеткіші