«Маңғыстаумұнайгаз» - «қара алтын» қалқыған озат кәсіпорын

Әрбір тарихи кезеңнің өзіндік ерекшелігі, өмір салты мен құндылықтары болатыны заңдылық. Сол сияқты белгілі бір кезеңдегі эволюциялық дамудың бойына қуат беріп, мемлекеттің әл-ауқатына арқау болатын экономиканың салалары болады. Ежелгі қазақ қоғамының экономикасы мен тұрмыс-тіршілігі негізінен көшпелі мал шаруашылығына негізделсе. XXI ғасырдың табалдырығын аттаған тәуелсіз қазақ елі экономикасын диверсификациялауға күш салуда, бұл тұрғыда өндірістік-инновациялық даму ұлттық идеяға. еліміздің мақсат-мұратына айналып отыр.

Кең-байтақ қазақ жерінің үсті бейбіт өмір, ерекше табиғат, жайқалған астық пен мыңғырған мал болса, асты толған кен мен қазына. Табиғи қазба байлықтары болуы мақтаныш, ал оларды қазып алу, өңдеу мен тұтынушыға дайын өнім ретінде ұсыну орасан зор қаржыны, технология мен ерен еңбекті қажетсінетін күрделі өндірістік процесс. Ғасырлар тоғысында өтпелі кезеңді артта тастап, дағдарысты еңсеріп жатқан Қазақстан экономикасы әзірге осы табиғи байлықтарды шикізат түрінде шетел нарығында сатуға негізделуде. Әсіресе, әлемдік нарықта энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі жылдан-жылға артып келеді, оның ішінде көмірсутегілерге, яғни мұнай өнімдеріне деген сұраныс өте күшті. Мұнай - әлемдік экономиканың қуат берер қаны, тіршілігіне жан беретін нәрі десек артық айтқандық емес, оған «қара алтын» деген теңеу тағылуы тегін емес.

Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайтаз секторына әлемдік деңгейдегі трансұлттық компаниялар «Сһеvгоп Техасо», «Еххоп Моbil», «Вгіtіsһ Реігоleum», «Sһеll», «Аgір», «Тоtаl» және т.б. миллиардтаған доллар инвестициялады. Оған бір жағынан себеп болған жоғарыда айтып өткеніміздей, шикізат көздеріне бай Қазақстанның егемендіктің алғашқы жылдарында ірі кен орындарын ашуға қажетті қаражат. техникалық. материалдық және өзге де қажетті алғышарттар жетіспеді. Екінші жағынан шетелдік инвесторларды Қазақстанның геосаяси жағдайы мен ішкі саяси тұрақтылығы. ұтымды жұргізілген саяси және экономикалық реформалары, Елбасымыздың ұстанған көпвекторлы сыртқы саясаты. ел халқының даму мен бейбіт өмірге деген құлшынысы қызықтырды. Бұл факторлардың барлығы жиналып келгенде қазақстандық даму жолын құрайды. экономикамыздың тұрақты дамуына мүмкіндік берді.

Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық бағытта дамытып қана қоймай, экономикасы тұрақтанған сайын. түрлі салаларда қызмет ететін ұлттық компаниялардың аяғына тұруына баса назар аударуда. Отандық мұнайгаз саласында да техникалық және қаржылық мүмкіндіктері әлемдік мұнай бизнесінің алыптарынан ешбір кем түспейтін ірі компаниялар қалыптасты. Отанымыздың мұнай өңдеу саласындағы нарықтық тәжірибесінен туындаған компаниялардың бірегейі -«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (АҚ) болып табылады Біздің өрбіткелі отырған әңпмеміз осы компания туралы болмақ.

Жалпы. Маңғыстау облысы - отандық және шетел инвестицияларын тартып. Қазақстанның динамикалы дамып келе жатқан өндірістік аймағы. Республикада өндірілетін мұнайдың үштен бір бөлігі осы өлкеде еңбек етіп жатқан мұнай компанияларының үлесіне тисе. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ -Маңғыстау мұнай өнеркәсібінің қарашаңырағы деп есептеледі. Бұдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын. яғни 1961 жылдың шілдесінде Жетібай кен-орнындағы № 6-шы ұңғыдан атқан тұңғыш мұнай бұрқағы мен 1962 жылы Өзен кенорнынан алынған мұнай бұрқағы көмірсутектің мол қоры бар екенін анықтап. Маңғыстау өмірбаянының жаңа. жарқын беттерінің басталғанын паш етті. Сөйтіп. бұл жерде жаңа ашылымдар дүниеге келіп, аймақтың өнерк-сібін тарихи масштабта игеру басталды.

Сол уақыттан бастап іздестіру-барлау жұмыстары кең көлемде жұргізіліп, қуатты қарқын алды. Тек 1961-1964 жылдар аралығында Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтүстік Жетібай, өзге де бірнеше кенорындары дұниеге келді. Барлау жұмысындағы бұл табыстар 1963жылдың қараша айында «Маңғышлакнефть» ірі өндірістік бірлестігінің құрылуына себепші болды. Бұлардан кейін Бозашы жарты аралында Солтүстік Бозашы. Қаламқас және Қаражанбас ірі кенорындары ашылды.

Қазір Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларының 50 пайызы ұлттық мұнайгаз құрамасы - «Қазмұнай-газ» ұлттық компаниясы АҚ тиесілі. Ал «Қазмұнай-газ» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін көздеп көмірсутекті барлайтын. өндіретін, өңдейтін және тасымалдайтын үлттық оператор. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» қорына қарайды.

2009 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласындағы Қазақстан қор биржасында «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы мен Қытай Халық Республикасының СNРС компаниясы өздерінің бірлескен кәсіпорны Маngіstau Ivestments В.\/. арқылы «Сентрал Азия Петролеум ЛТД» компаниясынан «Маңғыстаумұнайгаздың» 100 пайыздық жай акцияларын сатып алу мәмілесін аяқтады. Акционерлер 50 пайызбен пайданы тең бөліседі.

Бұрын «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестіп деп аталған қазіргі«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еліміздің мұнай нарығындағы ең ірі бес компанияның бірі. Республикамызда өндірілетін барлық мұнайдың 9 %. батыс аймақтағының 31 % «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үлесіне тиесілі. Компанияның барлап қойған мұнай қоры 960 млн. тоннаға жуық деп бағаланады.

«Маңғыстаумунайгаз» АҚ меншігінің құрылымы Маңғыстау облысы мен еліміздің өзге де аймақтарындағы 36 мұнайгаз шығатын орындарын қамтиды. Олардың ішінде әзірге 15 мұнай қарқынды өндірілуде: Қаламқас, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Асар, Айрантақыр, Солтүстік Аққар, Оймаша, Придорожное, Ащыағар, Солтұстік Қаракие, Бұрмаша, Алатөбе, Бектұрлы және Солтүстік Придорожное. Сонымен қатар, Каспий шелфіндеп Махамбет пен Бөбек барлау телімдері, Тепловско-Токарев тобына қарасты 8 кен орны мен Батыс Қазақстан облысындағы Каменское кен орны компанияға тиесілі. Өңделіп жатқан 15 кен орнындағы мұнайдың қалдық қоры қазіргі кезде 172,5 миллион тоннаға жуық деп бағалануда.

Компанияның мұнай өндіру қарқыны 1998 жылдан бастап қазірп кезге дейін үздіксіз интенсивтілікпен ұлғайып келеді. Он жылдан астам уақыт ішінде мұнай өндіру екі есеге дейін артты - 1998 жылы 3,3 миллион тонна болса, қазір 5,7 миллион тонна. Ал жыл сайынғы жоспарды орындау 104,3 % құрап отыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты мұнай шығатын орындардың ішіндегі өнімділігі ең жоғарысы - Қаламқас кен орны - жылына 4.2 млн. тонна мұнай өндіріледі, бұл компания өндіретін мұнайдың 70 %. 2005 жылғы 6 маусымда бұл жерден мұнайдың екі жұз миллионыншы тоннасы шығарылғанын айта кеткен жөн. Одан кейінгі орында - Жетібай. Осы екі алып - Қаламқас пен Жетібай кен орындары компанияның өндіретін мұнайының 90 % аста-мын құрайды. Жалпы алғанда, «Маңғыстаумұнай-газ» АҚ мұнай ұңғымаларының саны 4611.

Осы жерде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарына географиялық анықтама беріп, өндіретін мұнайының сапалық көрсеткіштеріне азғана шегініс жасау қажет сияқты. Жоғарыда аталған ірі кен орындары Каспий теңізінің жағалауындағы Бозашы түбегінде орын тепкен. Өткен ғасырдың 70 жылдары «Мангышлакнефтегазоразведка» экспедициясының геологтары осы тұбекте бұрғылау-барлау жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде Қаламқас іске қосылды. Ал 1980 жылы аталған кен орнынан алғашқы миллион тонна мүнай өндірілді. Араға 25 жыл салып екінші жүз миллион мүнай жер бетіне шықты. Қаламқас кен орнының ерекшелігі - көпқабатты: ол газды, мұнайгазды және мұнайлы қабаттардан тұрады.

Ал сапалық ерекшелігіне келсек, бүл жерден шығатын мүнай көмірсутеплердің жұғымдылығы жоғары түріне жатады - (40мПа/с), тығыздығы 900 кг/м3 дейін, құрамындағы парафин мөлшері аз: 2.4-4,7 % аралығында, қоюлану температурасы төмен -20 °С, газдық факторы 25 м3/тонна.

2009.01.01. жағдайға сәйкес кен орнының мү-найдың бастапқы баланстық қоры 638,7 млн. тонн. Игерілетін қоры - 207.4 млн. тонн. Қалдық қор қазіргі кезде 88,3 млн. тонна деп мөлшерленуде.

Ал табиғи газдың баланстық қоры жалпы алғанда 15,3 млн. м3. Қалдық қоры қазірдің өзінде мол - 11,1 млн. м3. Мүнда шығатын табиғи газ өте құрғақ, құрамындағы метан 99,8 %.

Мұнай өндіру көлемі артқан сайын, оған жұмсалатын шығын көлемі де көбеюде. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 1 баррель мұнай өндіруге кететін эксплуатациялық шығыны 24 АҚШ долларына тең. Өйткені Бозашы түбегіндегі мұнайдың құрамында су көп. Жетібай кенінде 60 %. Қаламқас мұнайының 87 % сутегі. Сонымен қатар, мұнайы алынған соң. жер астында бос қуыс орын алмасы үшін, алынған мұнайдың орнына су толтыру жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын 47 млн. м3су жер астына айдалады. Ал тасымалдауға кететін шығындарды қоса есептегенде барреліне 31,9 долларға бірақ барады...

Нарықтағы сатып алушыға жеткенше мұнайдың бағасына қосымша құн мен алым-салықтар қосыла береді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне алып келумен қатар, түсетін пайда жағын қысып тастайды, Себебі, мұнай биржалық тауар, халықаралық деңгейде бағасы белгіленеді, қанша шығын көріп жатсаң да биржа бағасынан қымбатқа сата алмайсың. Сондықтан да. жақсы пайда табу үшін өндірілетін мұнайдың өзіндік құнын қысқартуға күш салу керек. Компания бұл бағытта кешенді жұмыстар атқаруда: мұнай өңдеу ұшін заманауи техника мен озық технологияны барынша ұтымды пайдаланып, еңбек өнімділіпн арттыру арқылы қосымша пайда табуға ұмтылуда. «Арнайы машина құрастыру мен металлургия» АҚ сияқты көптеген отандық және шетелдік серіктестермен ынтымақтасып, жаңа технологияларды өндірістік процеске енгізуге компания басымдық беруде. Мұнай-газ пласттарының арасын гидро әдіспен ашу. тереңнен мұнай соратын винтті насостар қою, құрыш құбырды шыныпластиктімен алмастыру т.б. жаңа тәсілдер өзінің оң нәтижесін көрсетті.Ұңғылардың дебитін арттырып. қосымша өнімді арттыру мақсатында, Компания Қазақстанда бірінші рет қабаттың мұнай көздерін үлкен қысыммен жару тәсілін қолданды. Алғаш рет 1999 жылы Жетібай кенорнында, 2003 жылдан бастап Қаламқаста қолданылған бұл әдіс қазір кенорындарында кеңінен жүзеге асырылуда.

Айта кетерлік нәрсе - осы жаңа құрал-жабдықтардың біраз бөлігін отандық тауар өндірушілер жасауда. соның арқасында Елбасымыз тапсырған импортты отандық өнімдермен алмастыру бағдарламасын жүзеге асыруға да компания өзіндік үлесін қосып отыр. Мысалы. «Маңғыстаумүнайгаз» АҚ 2009 жылы сатып алған тауарлары мен қызметтерінің жалпы көлемі 109 млрд. теңгені құраған. Ал осы қаржының 108 млрд. теңгесін қазақстандық тауар өндірушілер мен мердігер компаниялар игергенін ескерсек, отандық экономика үшін мультипликативтік әсердің зор болғанын байқаймыз.

Компания өзінің негізгі өндірістік құралдарын жаңалау мен талапқа сай ұстау үшін де жыл сайын қыруар қаражат жұмсауда. Мысалы. 2007 жылы құны 5 млрд. теңгеге шыққан суды алдын ала мұнай ұңғымасына айдайтын қондырғы Қаламқас кен орнында іске қосылды. Бұл қондырғы алынатын мұнайдың құрамындағы сұйықтықтарды 95 % тазалап. ажыратылған суды жер астына су айдау насосына бағыттайды. Ал атқарылатын жұмыс процесі түтастай автоматтандырылған. бүгінгі прогресс тұрғысынан қарасақ. бұл жәйт мақтануға тұрарлық. Сонымен қатар, Қаламқас кен орнында қуаттылығы 2x45 Мегаватт газ турбиналы электр станциясының (ГТЭС) құрылысы аяқталуға жақын. Оны салуға кеткен қаржы 12.4 млрд. теңге. Мүндай шығындарды көтеру оңай емес. Бірақ жұмсалған шы¬ғын өзін он орап ақтайтыны ешбір күмән туғызбайды, алды экологиядан бастап, соңы көретін пайдаға дейін. Бір ғана ГЭС өзі ауаны ластайтын қаншама ілеспе улы газды тазалап. пайдаға жаратып. өндірілетін электр энергиясымен сол өңірді толық қамтамасыз етпек.

Компанияның алдына қойып отырған маңызды міндеттерінің бірі - мұнай тасымалдау жолдарын оңтайлы шешу. Өйткені. компанияның өндіретін мұнайының азғантай бөлігі ғана жеке пайдалануға жұмсалып, негізгі көлемі шетелдердің нарығына экспортталады. Компанияның кен орындары мұнай құбырларының дамыған инфрақұрлымы мен порт терминалдарына өте жақын орналасқан. Басты экспорттық маршруттар екі бағытта жүреді: бірі Атырау-Самара бағытындағы «Достық» құбыр желісімен, екіншісі - Ақтау порты арқылы. Бұрындары «Достық» құбыры арқылы Польшаның Гданьск портына мұнайдың 70-80 жөнелтілетін. қазір де бұл бағыт компания үшін өзінің экономикалық тартымдылығын сақтап отыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік бағыттағы атқарып жатқан жұмыстары өз алдына бір төбе. Ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ірі компаниялардың атсалысуы - елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, жалпы дамудың маңызды шарты екені белгілі. Бұл тұрғыда жер қаймағын қалқыған кен өндіруші компаниялардың алар орны ерекше. Олардың арасында өзіндік әлеуметтікміндеттемелер жүгін арқалаған «Маңғыстаумұнай-газ» АҚ да бар.

Облыс орталығы Ақтаудан 280 шақырым қашықтықта орналасқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кенорны аймақ экономикасын қарқынды дамытып, өлкенің ауылдық жерлерін өркендетуге, халықтың мәдениетін, тұрмысын көтеруге ықпал етіп келеді. Айталық, аймақ үшін өзекті проблемалардың бірі - авто жолдардың нашарлығы. Компания жол салу ісіне де мұрындық болуда. 1981 жылы салынған 3-санаттағы Ақтау-Қаламқас жолы облыс орталығын тек Қаламқас кенорнымен жалғап қана қоймай. сонымен бірге Маңғыстау, Түпқараған аудандарындағы. Бозашы түбегіндеп ауылдармен қатынас орнатуға ықпал етіп, халық игілігіне пайдаланылып отыр. Бірақ осы облыстық маңызы бар жолдың бүгінгі жағдайы аянышты. Уақтылы жөндеу жұмыстары жүргізілмей, жол табаны шұңқыр-шұңқыр болып тесіліп, қатқыл қабаты сөгілген. Жол сапасы туралы. оны күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселе талай көтерілгенімен. жол шұрқ-шұрқ тесік қалпында. Соңғы жылдары бірде-бір не орташа не күрделі жөндеу жасалмаған. Жолдың бүлінуіне әкеліп соқтырған негізгі себеп - бұл Бозашы түбегінде жер қойнауын игерушілердің 10 тоннадан асатын ауыр өндіріс техникасының үздіксіз күні-түні жүруі. Маңғыстау өлкесі үшін стратегиялық маңызы бар бұл жолмен жүру күннен-күнге қауіпті болып бара жатыр. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Алик Айдарбаев мырза 2010 жылдың басында Бозашы түбегінде жұмыс жасайтын мұнай мекемелерінің басын қосып, жасалған келіссөз нәтижесінде Ақтау-Қаламқас жолын қалпына келтіру ісіне Бозашыда жұмыс жасайтын барлық мұнайөндіру компаниялары қатысатын болып келісілді. Атап айтқанда, бұл - «ММГ» АК, «Қаражанбасмұнай» АК, «Арман» БК және «Бузачи Оперейтинг ЛТД» компаниясы.

Әрине. жол салуды қаржыландыру - оңай шаруа емес. Жолды кұрделі жөндеуден өткізуге жұмсалатын қаржыны компаниялардың мұнай өндіру үлесіне пропорционалды түрде бөлетін болды. Мысалы, «Маңғыстаумунайгаз» АҚ Бозашы түбегінде өндірілетін мұнайдың 50 пайызына ие болғандықтан, оның жол салуда да үлес салмағы 50 пайыз болмақ. Биыл біз бұл шаруаға 1 миллиард теңге қаражаттың жұмыс ауқымы жоспарланып, оның 500 миллионы игеріледі. Сонымен қатар, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қарасты ұзындығы 9,1 километр Ақтау мен Маңғыстау селосын қосып жатқан автожол коммуналдық меншікке өтті.

Мұнай шығатын аймақтардың жер жағдайы мен ауа райы әдетте қатал келеді: көктемі мен күзі сызды қара суық, жазы аптап ыстық. қысы қақыраған аяз. Жері сортаң, өсімдіктер дүниесіне кедей, ауыз су да тапшы. Соған қарамастан мұнайшылар ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Мұндай қолайсыз жағдайларды ескеріп, компания өзінің жұмысшыларына еңбек етуге барынша қолайлы жағдайлар жасауды бірінші кезектегі міндет етіп қойды. Жұмыстан кейінгі бос уақытта демалуға, дұрыс тамақтануға баса назар аударылады. Мұнай ұңғымаларында мұнайшылардың вахталық ауысыммен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шағын кенттердің өзінде пошта-телефон байланысы, дүкен, кітапхана, спутникті теледидар, спорт залы мен жуыну орындары сияқты өзге де қызмет көрсететін өркениет жетістіктері ұйымдастырылған.

Ал Қаламқас. Жетібай, Асар және өзге де ірі кенттерде компания әлеуметтік-мәдени инфра-құрылымды дамытуға басымдық беруде. Бұл бағытта спорттық-мәдени орталықтар, жас жұмысшылар үшін жатақханалар. емханалар мен асханалар салу ісі дұрыс жолға қойылды.

Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы аймақта салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамытуды да басты назарда ұстайды, Спорт - денсаулық кепілі деген қағида өзін қаншама рет дәлелдеді. Сондықтан «Ақтау» сауда ойын-сауық кешенінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары спорт түрлері бойынша сайыстар өткізіп тұруды дәстұрге айналдырған. Шағын футболдан, волейболдан, стол теннисінен және шахматтан жарыстар өткізі¬леді. Жеңімпаздарға кубок. медаль және дипломмен марапатталып. барлығына ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Мұның барлығы спортпен шұғылдануға, салауатты өмір сүруге ынталандыратын факторлар болып табылады.

Мұнайшылардың балалары үшін Каспий теңізінің жағалауынан «Алау» және «Волна» атты балалардың сауықтыру орталықтары жұмыс істейді, оларды әр жаз сайын бір жарым мыңға жуық бала демалады. Бұған қоса Қырым мен Көкшетауға емделуге жіберілетін балаларға да арналған арнайы көмек түрі қарастырылған. Жылда жаңа оқу жылы басталар алдында мұнайшылардың оқушы балаларына бір жолғы материалдық көмек көрсетуді де компания игі дәстүрге айналдырды. Сонымен қатар, зейнеткер мұнайшылардың жағдайы да компания тарапынан үнемі ескеріліп отырады. Оларға ай сайын зейнетақысына қосымша екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстеме төленеді. Орталық жылыту жүйесі жоқ елді мекендерде тұратын ардагер мұнайшыларға қыста көмір сатып алуға ақша бөлінеді. Санаторийлер мен курорттарда денсаулығын жақсартуға да мақсатты көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік жұмыстар бойынша «Маңғыстау-мұнайгаз» АҚ тек компания ауқымында ғана шектелмей, облыс көлеміндегі әлеуметтік жобаларға, инфрақұрылымды дамыту ісіне де белсенді қатысушы болып табылады. Бұл тұрғыда компания Жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерін орындауға тырысады. Мысалы, компания 2009 жылдың өзінде осы мақсатқа сай 144 миллион теңге қаржыны облыс бюджетіне аударды. Жетібай мен Мұнайшы кенттеріне ауыз су мен газ құбырларын тартып, ауыл халқының ауыз су мен көгілдір отын сияқты күнделікті қажеттіліктерін өтеді.

2010 жылы жаңадан құрылған компания бюджеті мекеме қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді ұлғайтуға жол ашады. Бұл іс-шара жұмысшылардың кең талқылауы мен мақұлдауынан өткен жаңа ұжымдық шартқа негіз болды. Компания басшылығы жұмысшылардың жақсы еңбек және әлеуметтік жағдайларын қалыптастыруға, олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мен жеке дамуын қамтамасыз етуге, өз персоналының бәсекелестікке қабілетті болуына көп көңіл бөліп, Маңғыстау өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосуда.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметкерлері бай тәжірибесімен, биік кәсіпкерлігімен алдына қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды орындап, табысқа жетуге деген құлшынысымен ерекшеленеді. Акционерлік қоғам ұжымы алдағы мезгілде де еңбектің биік жетістіктеріне жетіп, сөйтіп отандық өнеркәсібіміздің дамып, Қазақстан Республикасының гұлденуіне үлес қоса беретініне сенімді.

Журнал Ақиқат №10, 2010