Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірбаяны

Әдебиетіміздегі Әбіш Кекілбаев әлемі төл әдебиетіміздің мерейін тасытып, әлемдік әдебиет шыңдарының қатарынан орын алған әлем.
Еліміз сүйікті ұлын орынды мақтан етеді. Ол Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,
Қазақстанның халық жазушысы.

Әбіш Кекілбаевтың Фотоальбомы

 

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,
1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,
1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,
1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,
1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,

1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.

2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Ә. Спан

Шығармалары

 

РОМАНДАР

Шандоз
«Аңыздың ақыры»
«Үркер»
«Елең-Алаң»
«Конец легенды»
«Плеяды – созвездие надежды»
«Всполохи»

САПАРНАМАЛАР

Азат елге ағайын көп
Ұйқыдағы арудың оянуы
Ұя мен жебе
Тырау-тырау тырналар

ПОВЕСТЕР

«Бір шөкім бұлт»
«Күй»
«Бәйгеторы»
«Шыңырау»
«Бәсеке»
«Ханша дария хикаясы»
«Құс қанаты»
«Бір шоқ жиде»
«Шеткері үй»
«Автомобиль»
«Баллада забытых лет»
«Хатингольская баллада»
«Колодец»
«Состязание»
«Теплый снег»
«Дом на окраине»
«Купы джиды»
«Автомобиль» (рус.)
«Призовой бегунец»

ӘҢГІМЕЛЕР

«Аш бөрі»
«Ең бақытты күн»
«Ажар»
«Жүнді барақ»
«Ақ қайың»
«Ор теке»
«Ауыз»
«Көлденең көк атты»
«Есболай»
«Тасбақаның шөбі»
«Керек адам»
«Міне, керемет!»
«Ақырғы аялдама»
«Галстук сатушы қыз»
«Абылай хан»
«Белая береза»
«Встречный-поперечный»
«Есболай» (рус.)
«Ну и чудеса!»
«После встречи»

СЫН МАҚАЛАЛАР

«Өртке тиген дауылдай» - «Заманмен сұхбат»
«Сарабдал суреткер»
«Мұратына жеткен адам»
«Шын сүйері халықтың»
«Бунинмен жолыққанда»
«Самғау мен құлдырау»
«Құдірет»
«Өнегелі өмір, өміршең өнер»
«Ақиық ақын»
«Өлмес өнеге»
«Ақиқат айдыныдағы ақ шағала»
«Қалтқысыз сөз, қайсар жан»
«Өлмес, өшпес өжет жыр»
«Өнердің өрен жүйрігі»
«Мәңгілікпен үндестік»
«Шабыттың шылқар өрісі»
«Сардар»
«Жыр сұлтаны туралы сөз»
«Саңлақ»

 


«Бағзыдан жеткен баба жыр»
«Өмірлі өнеге»
«Ақбоз үй қонған асу бел»
«Айдында жүзген ақ желкен»
«Алғадай азамат»
«Биікке самға, тарлан жыр!»
«Әдебиет әзелгі мұратын айнымақ емес»
«Әзиз Әбу»
«Ел мерейі - ер мұраты»
«Елім деп өткен ер»
«Елдіктің, ерен жыры “көк түріктер сарынын” оқығанда»
«Елден өткен ерен ер»
«Құбажонда құланиек таң атса...»
«Қажымас жігер, қалтқысыз қызмет»
«Қайсарлық»
«Қартаймас өнерге - қалтқысыз қызмет»
«Қастеев туралы сөз»
«Жайсаң»


«Жиде тоғайында жидек теріп жүргенде»
«Жортқанда жолың болсын, жолбарысым...»
«Өнерімен өрілген өмір»
«Өнеріне өмірі сай өрен тұлға»
«Күн тұтылған бір әлем жүрер іште...»
«Кемел»
«Лапылдап атып, лапылдап батқан күндей еді...»
«Мәңгі жарқырар жұлдыз»
«Марқасқа»
«Мен білетін сұлтан»
«Тұлға»
«Талантты ұрпақтың табылымды келбеті»
«Тарлан»
«Туған жердің түлегі»
«Фариза»
«Шерменде дәір шежірешісі»

 

ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР

«Ойдағымыз болды, ортамыз толды»
«Әйтеке би»
«Демократия мен тәуелсіздік одан әрі орынға түссін десек»
«Арға тартпай - арман тұл, намыс қумай – мақсат тұл»
«Намыстың сөзін сөйлейік»
«Ел тағдырын шешетін жасампаз кезең енді келді»
«Елдік пен ерлік киесі»
«Абзал азамат»
«Тіл көгермей, ел көгермес»
«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел»
«Жабыла іске жұмылсақ, жағдай тез жақсарады»
«Жаңа атауда тарих тағылымы бар»
«Ана Тілге қамқорлық – абыройлы іс»
«Ботасын сағынған аруанадаймын кейде мен»
«Тәуелсіздік алдында бәріміз қарыздармыз»
«Өткен - өреуіл, қалған – салауат»
«Атадан - өсиет, анадан – қасиет»
«Ел тарихы, ер тағдыры»
«Маңғыстаудың тарихи -мәдени мұралары» атты халықаралық ғылыми практикалық конфедерациядағы кіріспе сөзінің мазмұны»
«Алда тағы асқар таудай парыз тұр»
«Арманшыл ақын аманаты»
«Бүгін менен ертеңге бірдей қызмет еткен ғұлама»

 

 «Елбасы»
«Есенғали Раушанов туралы»
«Ұғымталға ұқтырары көп ұлағатты өлке»
«Өз бақытын өзі сомдаған»
«Өзегіңді үзе сүй, өз еліңді»
«Өкінішті де өнегелі тағдыр»
«Ұлт көсегесін ұрпақ көгертеді»
«Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді»
«Өмірлі өнеге»
«Өнер сүйген өмір»
«Өркениет өзегі»
«Маңғыстау облысы құрылуының 35 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі»
«Маңғыстаудың дариясы - халқының көкірегінде»
«Отаншылдық мұраты - жасампаздық»
«Сермей тартқан семсер күй»
«Тіл және тәуелсіздік»
«Тәуелсіздік толғауы»
«Тарих тағылымы - ұрпаққа ұлағат»
«Тарихи дастан тағыдымы»
«Тарихтан - тағылым, өткеннен - өнеге»
«Түркістан тағылымы»
«Халқының жүрегінде шырақша маздап өтеді»
«Высокая миссия»

 

СҰХБАТТАР

«Ар» газетінің сұрақтарына жауап»
«Ең асыл мұрат»
«Естияр азамат бола білейік»
«Құдайға шүкір дейік!»
«Қазіргі адам - нарықтық құндылық»
«Жақсылық жемісті жалғассын»
«Жаңа атауда ежелгі тарих тағылымы бар»
«Жалпаны жақсылыққа бастай білген»
«Өткеннен тағылым, ертеңнен үміт іздегендер ғана ілгері баса алады»
«Жасампаздық артса, жағдай жақсара түседі»
«Өзгереміз, жетілеміз, кемелденеміз»
«Таңғалатын ештеңе жоқ»
«Халықтың күні – халықпен»
«Нетрадиционный портрет»
«Пусть сбудутся все наши добрые помыслы!»
«Демократия көктен түспейді»
«Дуадақ қонған боз төбе»

АУДАРМАЛАР

К.Гоцци – «Туранбике ханшайым»
А.П.Чехов – «Ваня ағай»
Вальехо Антонио Буэро - «Бүгін мейрам, бүгін той»
Генрик Ибсен- «Үрей»
Л.Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!»
У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта»
У.Шекспир - «Кориолан»
У.Шекспир – «Король Лир»
М.Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жуан»

Библиография

  1. Азаттықтың ақ таңы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ҚАЗАҚСТАН. уакыт мiнбесiнен айтылған сөз.-1998.- 736 бет.
  2. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 1.-1999.- 400 бет.
  3. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 2: хикаялар.-1999.- 400 бет.
  4. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 3: аңыздың ақыры.-1999.-400 бет.
  5. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 4: Үркер.-1999.- 464 бет.
  6. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 5: елең - алаң.- 1999.- 416 бет.
  7. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 6: алтын шуақ кiтабынан.-1999.-464 бет.
  8. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 7: сапарнамалар.-1999.- 512 бет.
  9. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 8: толғауы тоқсан тарих.-1999.- 400 бет.
  10. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 9: ғасыр өтiп барады.-1999.- 416 бет.
  11. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 10: әдебиет әлемi, өнер өрiсi.-1999.- 400 бет.
  12. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 11: көңiлдегi көп дидар.-1999.- 464 бет.
  13. Он екi томдық шығармалар жинағы: көркем әдебиет /Ә. Кекiлбайұлы.- Алматы: ӨЛКЕ. т 12: көңiлдегi көп дидар.-1999.- 448 бет.

 

Ә. Кекілбаевтың өмірі мен шығармалары туралы

  1. Заңғар: көркем әдебиет /Ә. Спан.- Алматы: Нұрлы Әлем. роман-эссе.-2008.-304 б.
  2. Әбiш Кекiлбаев шығармаларындағы тарих тағылым: әдеби /Ж. Дуйсенбаева.-Алматы: Арыс, 2007.-296 б.
  3. Силлабус: маман: 050117- Қазақ тiлi мен әдебиетi /Ә. Д. Қабылов.- Актау: КМТЖИУ. курс 2: Пэн: Арнаулы курс (Ә.Кекiлбаевтың шығармашылығы.- 2009.-17 бет.

 

ҚАМБАР КЕРЕЙҚҰЛОВ "Жаңа айдар немесе жазушының творчестволық жолындағы сындарлы кезең".- Лениншіл жас, 16.05.1981.

ӘЛИЯ БӨПЕЖАНОВА - Әбіштің анасы

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ - Сөз алдындағы адалдық

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ - Кекілбаев кеңістігі

АВТОГРАФ - Жанболат Аупбаевқа сұхбат.- Жұлдыз.- қаңтар, 1996.

АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ - Әбіштің қоңыр даласы

БЕК ТОҒЫСБАЙҰЛЫ - Елдік пен ерліктің асқақ жыры

БЕКДІЛДА АЛДАМЖАРОВ - Өнердің таптырмас сиқыр шөбі

БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ - Бәрімізге қажет биіктік

БОЛАТ ОҢҒАРБАЕВ - Парасат пен саясат

Жасампаздық артса, жағдай жақсара түседі Сауытбек Абдрахмановқа сұхбат

ЗҰҚАРНАЙ АЛДАМЖАР - Барша қазақтың әбіші

ЗИГРИД КЛАЙНМИХЕЛЬ - «Аңыздың ақыры» өнер құдіреті хақында: немісшеден ықшамдап аударған Медеубай ҚҰРМАНОВ.

МАРАЛ ЫСҚАҚБАЕВ - Кемел тұлға келбеті

МЫРЗАГЕЛДІ КЕМЕЛ-СӨЗ- ҚҰДІРЕТ

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН - Аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі

ОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ - Абылай Ханның арманы

ОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ - Естінің есесі - еш, кезегі – кеш

РОЗА МҰҚАНОВА - «Абылай Хан»

САҒАТ ӘШІМБАЕВ - Салиқалы сөз, соны із

САҚТАҒАН БӘЙІШЕВ - Болашағы мол еңбек

САБЫРЖАН ШҮКІРҰЛЫ - Ұмтылып өскен азамат

САЙЛАУБЕК ЖҰМАБЕК - Сайлаубек жұмабек

 

СЕРІК ҚИРАБАЕВ - Қазақ романының жаңа табысы

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ - XX ғасырдың жыр жауһары

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЕВ - Тарих тереңінен сыр тартқан

ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ - Ерекше өмір

ХАСЕН ӘБДІБАЕВ - Биік мұрат

ШӘРБАНУ БЕЙСЕНОВА - Азаттық жолы-азапты

ШЕРХАН МҰРТАЗА - Азамат, қаламгер, қайраткер

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР - Дала балладалары

ЖАНҒАРА Д. ӘДЕБАЕВ - Шешуші кезең шежіресі

ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ - Терең сезімнің тұнбасы

М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ - Ұлы ойшыл, қарымтал қаламгер

ИРМА МАМАЛАДЗЕ - Устремленный в будущее

ВЛАДИМИР ЛАВРОВ - Уроки Абая

АБДИЖАМИЛ НУРПЕИСОВ - К главному перевалу

ТИМУР МАМАЛАДЗЕ - «Если слова болят…»

АЛЕКСАНДР ИЗЮМСКИЙ - Постигая события былых времен…

ШУГА НУРПЕИСОВА - Колодец в степи

ЮРИЙ АНДРЕЕВ - Воздух, которым дышим

ЛИДИЯ ФЕДОРОВСКАЯ - Преданья старины глубокой…

ЕВГЕНИЙ СИДОРОВ - Эхо истории

ЗОЯ КЕДРИНА - Продолжение легенды

ГЕОРГИЙ ГАЧЕВ - Караван дум

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР - Грани творчества