Обзор книжных новинок

 

013

 

УДК 621.86/.87

Назарбаева, С.М.
Робототехника и подъемно-транспортные системы. Алматы: Дәуір, 2011.- 464с.

Приведены назначение, область применения, устройство, рабочие процессы, конструктивные особенности, основы теории и расчета современных подъёмно-транспортных систем и робототехнических устройств, применяемых в полиграфической промышленности. Объем данного учебника, по сравнению с аналогичными российскими изданиями, расширен за счет включения материала по новым достижениям в области механизации и автоматизации подъемно-транспортных систем, применяемых в полиграфическом производстве. В нем главное внимание уделено особенностям конструкции и методам расчета основных типов грузоподъёмных, транспортирующих, погрузочно - разгрузочных машин и элементов манипуляторов робототехнических устройств, что должно оказать существенную помощь студентам в изучении данных машин и применении их на практике. Учебник предназначен для студентов вузов, обучающихся по специальности 5В0722 «Полиграфия», а также может быть полезен студентам строи-тельных, машиностроительных, транспортных и др. специальностей, магистрантам, научным и инженерно-техническим работникам.

015

 

УДК 622.012.2(075.8)

Бегалинов, Ә.

Тау-кен орындарының жерасты кешендерін жобалауы

Оқулық Мемлекеттік стандарттардың, типтік жене жұмыс оқу бағдар-ламаларының «Шахта және жерасты құрылысы» мамандығының квалифи-кациялық сипаттамаларының талаптарына сәйкес жазылған. Оқулықтың мақсаты - тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау үрдістерінен баянды теориялық білім жөне тәжірибелік бағдар беру. Оқулықта жерасты кешендерін жобалаудың мәні мен өзгешеліктері, жобалау әдістері мен кезеңдері, жобалық кұжаттардың құрамы жөне кешендердің жобалық параметрлерін анықтау жолдары толық талданған. Сонымен қатар, жобалық тапсырмаларды шешу әдістері мен құрылыс жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру мен жүргізу төсілдері келті-рілген. Теориялық баяндамалар нақты мысалдармен толықтырылған. Бұл оқулықтың құндылығын артгырып, тәжірібелік, курстық және дипломдық жұмыстарды орындағанда да қолдануға мүмкіндік тудырады. Оқулық «Шахта және жерасты құрылысы» мамандығы бойынша білім алушы бакалаврларға арналған, сонымен қатар магистрантгар мен РҺD докторанттары да пайдалана алады.

017

 

УДК 621.31(075.8)

Хожин, Г.
Электроэнергетика (электростанциялары бөлімі ). Алматы: Дәуір, 2011.- 416 б.

Оқулықта қысқаша келесідеи мәселелер қарастырылған: Электро-энергетиканының құрылымы. Энергетикалық ресурстар. Электр энергияны өндіретін электр станциялардың түрлері, Электр энергияны өнді-рудің технологиялық процесі. Ерекшеліктері, Электр кондырғылардың жүктемелері жөне жұмыс режімі. Жалпы мөліметтер, Станциялардағы негізгі электр жабдықтары, аппараттары, ток өткізгіштері және оқшаулатқыштары, Тарату құрылғысьгаьгң құралымы, Қысқа тұйьгқталу тоқтарын есептеу және электр аппараттарды, ток өткізгіштерді таңдау, Дүниежүзі энергетикасының, ТМД-ы елдерінің және Қазақстан энерге-тикасының қазіргі жағдайы. Болашағы. Электроэнергетиканың дамуының негізгі болжамдары. Электр энергетикадағы нарықтық қатынастар. Экология және энергетикадағы проблемалар. Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі. Электр станцияларды жобалаудың негізгі ұстанымдары, Электр энергияны өндірудің жаңа тәсілдері. Оқулықтың соңында қосымша ретінде энергетикада жиі қолданылатын мемлекеттік шартты белгілер, электр аппараттарды және қүрылғыларды тандағаңда ескерілетін факторлар, халықаралық өлшем бірлігінің жүйесі, турбогенераторлар мен гидрогенераторлардың және күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың), өлшеуіштік трансформаторлардыд техникалық деректері берілген. Сонымен қатар, электр қондырғыларына керекті басқада элементтердің көрсеткіштері берілген. Демек, студенттер есептеу графикалық жүмыстарды (ЕГЖ) және курстық, дипломдьщ жобаларды орындағанда осы оқулықты анықтама ретінде де пайдалануларына болады. Бүл оқулық жоғары оқу орындарының барлық оқу түрінің студенттеріне (бакалаврларға, магистранттарға), энергетика саласындағы мамандарға және жалпы оқырман қауымға пайдалы болар деп ойлаймын.

019

 

УДК 519.8+ 531/534

Дузелбаев С.Т., Омарбекова Ә.С.
Есептеу механикасы. Алматы: Дәуір, 2011.- 312 б.

Бұл оқулықта механика есептерін жуықтап шешудің сандық әдістері, жуықтап есептеу әдістеріне MathCAD жүйесін қолдану қарастырылған. Аталмыш курсты оқыту студенттердің математикалык талдау, сызықты алгебра, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері және информатика пәндерінен алған білімдеріне негізделеді. Оқулықтың негізгі мақсаты - студенттерге қолданбалы есепті шешу үшін сандық әдісті қолданудың қыр-сырын үйретіп, іс жүзінде қолдануға машықтандыру. Дербес компьютерді пайдалану арқылы техника мен экономиканың есептерін шешуге мүмкіндік беретін, сандық есептеудің негізгі теңдеулері, формулалары мен алгоритмдері келтірілген.

021

 

УДК 004(075.8)+ 681.3
ББК 32.973-018.1я73

Жұрынтаев, Ж.З.
Сұлбатехника. Алматы: Дәуір, 2011.- 288 б.

Оқулықта цифрлық және аналогтық сұлбатехниканың дамуындағы қазіргі беталысты сипаттайтын сұрақтар жүйелі түрде келтірілген. Бірінші бөлімде базалық логикалық элементтердің және ЭЕМ-нің цифрлық құрылғыларының типтік функционалдық түйіндерінің сұлбатехникасы қарастырылған. ЭЕМ-нің жартылай өткізгішті жады құрылғыларының құрылымдық ерекшелектері мен сұлбатехникалык жүзеге асырылуы, программалық логикалық матрицалар мен негізгі матрицалық кристалдар туралы мәселелер және, сонымен қатар қазіргі уақыттағы программаланатын логикалық АҮИС-тің жобалануы қарастырылған. Екінші бөлімде аналогтық сигналдардың сызықты емес түрлендіргіштерінің, компараторлар мен цифрлық - аналогтық жөне аналогтық - цифрлық түрлендіргіштердің құрастырылу және жұмыс істеу принциптері қарастырылған. Оқулық 5В0704 - «Есептеу техникасы және программалауды қамтамасыз ету» және 5В0703 - «Ақпараттық жүйелер», мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған, сонымен бірге мамандықтары радиоэлектрондық және телекоммуникациялық бағыттардағы студенттер үшін де пайдалы болуы мүмкін.

023

УДК 339.1

Тулембаева А.Н., Бейжанова А.Т.
Логистика. Алматы: Дәуір, 2011.- 292 б.

Оқулықта логистиканың теориялық, әдістемелік және практика-лық аспектілері көрсетілген. Логистика ғылымының даму мәселелері қарастырылған, негізгі түсініктері анықталған, базалық логистикалық қағидалар мен тұжырымдамалары келтірілген, материалдық, ақпараттық және қаржылық ағымдар қозғалысын басқаруды оңтайландыру-дың мені және кедендік, жаһандық логистиканың даму бағыттары көрсетілген. Қазақстандағы кәсіпорындар мысалында практикалық материалдар, сонымен қатар республиканың нормативтік-құқықтық ережелері кеңінен қолданылған. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар логистика, маркетинг, менеджмент саласындағы ғалымдар мен мамандар, ғылыми қызметкерлер және кәсіпкерлерге арналған.

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper