Обзор книжных новинок

 

013

 

УДК 550(075.8)

Жүнісов, А.А.
Құрылымдық геология.
Алматы: Дәуір, 2011.- 224б.

Окулыкта жер қыртысындағы шөгінді, магмалық, метаморфтық таужыныстардың пішіндері, қатпарлар мен жарылысты бұзылыстар, қатпарлы зоналар, платформалар мен шеткі ойыстар кұрылымдары қарастырьшған. Геологиялық карталар олардың номенклатурасы жайлы мағлұматтар баяндалған. Оқулық көлеміндегі қолданылған арнайы терминдердің глоссарийлері мен қазіргі күндегі қолданыстағы қазақша атаулары берілген. Кестелермен жэне суреттермен безендірілген.

Оқулық геологиялык мамандық бойынша білім алатын студенттерге, магистранттарға, геолог-практиктерге арналған.

015

 

УДК 006(075.8)

Мендебаев Т.М., Асқаров Е.С., Ермекбаева Ә.Ө., И.Ж. Жаханова.
Стандарттау, метрология және сертификаттау. Алматы: Дәуір, 2011.- 368б.

Оқулықта стандарттау, метрология жөне сертификаттау негіз-дері қарастырылған. Оқулық 11 бөлімнен тұрады, онда Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың негізгі жағдайлары мен тапсырмалары, ұйымдастырушылық қүрылымы, колданылуы, өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру мен метрология бойынша негІзгі білім қоры, сертификаттаудьщ, халықаралық ИСО 9000 сериялы сапа стандарттарының, жаңа заманға лайық өнеркәсіптехі сапаны басқару негіздері және т.с.с материалдар берілген.

Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар қызмет көрсету мен өндіріс саласындағы мамандарға, стандарттаудың, метрологияның және сапаны басқарудың мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырмандарға арналған.

017

 

УДК 620.9(075.8)

Мусабеков, М.О.
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары. Алматы: Дәуір, 2011.- 360б.

Оқулықта көлік техникасының энергетикалық қондырғылары туралы түсінік беріліп, олардың турлері, кұрылымы, жұмыс істеу прин-циптері, ерекшеліктері мен піспекті және құрама қозғалтқыштарының жүйелері сипатталған. Піспекті қозғалтқыштарда жүретін процестерді зерттеу, қозғалтқыштардағы жану процесі теориясының негіздері, піспекті козғалтқыштың кинематикасы мен динамикасы, піспекті қозғалтқыштардың қуатын арттыру жолдары сияқты сұрактар қарастырылған. Қозғалтқыштарда пайдаланатын отындар мен жағармайлар түрлеріне үлкен назар аударылған.

019

 

УДК 550.8+ 622.3(075.8)

Мусанов, Ә.
Бұрғылау процестерінің теориялық негіздері. Алматы: Дәуір, 2011.- 272б.

Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығының «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы» мамандануына арналған оқу бағдарламасына сәйкес материалдар жинақталып сұрыпталған.

Тау жыныстарының қасиеттері сипатталып, оларды анықтау әдістері жөнінде мағлүматтар берілген. Ұңғы бұрғылау процестеріне зор әсер ететін тау жыныстарының қасиеттері көп карастырылған. Тау жыныстарын талқандайтын негізгі және қосымша кұралдар келтірілген.

Тау жыныстарын әр түрлі эдістермен талқандағанда жүргізілетін процестерге талдау жүргізілген. Әсіресе қазіргі кезде жиі қолданылатын әдістерге көп көңіл бөлініп, талқандау механизмі терең қарастырылған.

021

 

УДК 628.11(075.8)

Қасымбеков, Ж.Қ.
Су алу ғимараттары және сорап станциялары. Алматы: Дәуір, 2011.- 280б.

Оқулықта су алу ғимараттары және сорап станцияларына қатысты негізгі түсініктер, олардың қүрылымы мен жүмыс істеу принциптері, параметрлерін анықтау өдістемеліктері келтірілген, жобалау жолдары мен өзін-өзі тексеру сұрақтары қарастырылған.

«Қүрылыс» және «Инженерлік жүйелер» мамандықтары бойынша кредиттік технология негізінде оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне,сумен қамту саласында істейтін мамандардың квалификациясын жоғарьшату саласына арналған.

023 

УДК 674+ 674-41(075.8)

Еспаева, А.С. Технология плитных материалов. Алматы: Дәуір, 2011.- 488с.

Учебник написан в соответствии с ГОСО ВПО 2006 г. для специальностей 050725 Технология деревообработки на основе рабочей программы дисциплины «Технология плитных материалов». Рассмотрены теоретические основы и конструкции технологического оборудования, используемого для производства древесностружечных и древесноволокнистых плит, древесных материалов на основе измельченной древесины, а также оборудование для облицовывания и других способов облагораживания плитных материалов.

Изложены принципы работы машин, даны их кинематические схемы и методы расчетов для обоснования основных технологических и конструктивных параметров рабочих органов.

Учебное пособие содержит задание на курсовое проектирование, необходимые сведения по расчетам, сырья и основного технологического оборудования для производства древесных плит, а также рекомендации по составлению технологических схем и планировочных решений.

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper