Обзор книжных новинок



 

ӘӨЖ 94(075.8)

Калиева К.С.
Тарихнама: Оқулық.- Алматы, 2013 - 2806.

Оқулық жоғарғы оқу орындарының «Тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік оқу стандартына сэйкес кұрастырылған.

Оқулықта тарихнаманың негізгі ұғымдық-терминологиялык аппараты, ежелгі заманнан бастап орта ғасырлардағы, жаңа замандағы тарих ғылымының білімдері және қазіргі заманғы тарихнама ғылымының дамуының негізгі бағыттары көрсетілген.

Оқулық жоғарғы оқу орындарының «Тарих» мамандығының студенттеріне, колледж, гимназия оқушыларына және «Тарих» пәнінің оқытушыларына арналған.

 

УДК 821.51

Назарова О., Литвиненко В.

Казахская литература: Учебник-хрестоматия, Часть П. издание 2. - Астана: Фолиант, 2010. - 580 с.

Учебник-хрестоматия содержит произведения устного и письменного творчества казахского народа с древнейших времен и до конца XX века, биографии авторов, фрагменты исследований по истории литературы, материалы энциклопедий, словарь литературоведческих терминов, вопросы и творческие задания к темам. Пособие адресовано учащимся и преподавателям лицеев, колледжей, гимназий и школ для работы на уроках, факультативных и внеклассных занятиях по предмету, а также для широкого круга читателей.

 

ӘОЖ 821.512.122.0

Әбдиманұлы Ө.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: Оқулық. - Алматы, 2012. - 408 б.

Бұл оқулыкта жазба эдебиеттін ең бір өнімді де көркемдік ізденіске толы кезеңі - XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы тұ_ңғыш рет толыкканды түрде жүйеленіп, беріліп отыр. Аталмыш кезеңнің казақ әдебиеті даму ұрдісіндегі өзіндік орны, түрлі әдеби бағыттардың жазба әдебиеттің өркендеуіне қоскан үлесі қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік үдерістермен бірлікте алынып қарастырылады. Окулықта XX ғасыр басындағы әдебиеттің өзекті мәселелері уакыт талабына сай жаңаша көзкарас тұрғысынан окытуға негізделген.

Оқулық жоғары оку орындарының филология факультеттерінің студенттеріне және жалпы әдебиет зерттеушілеріне арналған.

 

ӘОЖ 811.512.122(075.8)

Тектіғул Ж.О.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.Оқулық. - Алматы: MV-Print, 2012 - 500 бет.

Ұсынылып отырған оқулык «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің бағдарламасын басшылыққа ала отырып дайындалған. Мұнда берілетін тарихи морфологпя мен тарихи синтаксис саласына катысты мол материалдар жүйесі ғылыми тұрғыдан сараланып, қолда бар жазба ескерткіштер тілімен тарихи-салыстырыла карастырылады.

Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ тіл тарихын зерттеушілерге арналған.

 

ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Қаз я73

Тұрсынова Г.Т.
Кәсіби қазақ тілі: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2012.- 256 бет.

Оқулық мемлекеттік стандартқа сай жас буын болашак инженер маман-дарының оку үрдісінде қазақ тілін кәсіби қырынан менгерту тұрғысынан кредиттік жүйе бойынша тәжірибелік сабақтарда пайдалану максатында жазылған. Соңғы жылдары білікті мамандар даярлау үшін жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Негізгі мақсат - білім беру жүйесін, оның сапасын халықаралык дәрежеге көтеру, әлемдік мемлекеттердің қатарына жеткізу. Жоғары техникалық оқу орында-рында оқитын студенттерге кредиттік жүйе бойынша «Кәсіби қазақ тілін» меңгертуде өздігінен жұмыс жасаулары үшін техникалык мамандықтарға арналған жаттығу жүмыстары, ғылыми терминдер, көптеген лексикалык жэне фонетика, морфология, синтаксис салаларындағы такырыптарға негіз-делген мэтіндер, грамматикалық жаттығулар қамтылған.

Жұмыс қазақ тіліндегі сөздерді сауатты оқуға, мәтіндерді мазмұндауға, лексикалық тақырыптарды меңгеруге, сауатты жазуға дағдыландыруға, мамандыкка қатысты терминдер арқылы тілдік қорын молайтуға, олардың мағынасын ажырата білуге, білімдерін толықтыруға көмектеседі және аталған мамандыктар бойынша тіл үйренушілерге жан-жақты мағлұматтар беретін құрал болып табылады.

Оқулық қазақ тілі бойынша өткізілетін тәжірибелік сабақтарда пайдалануға негізделген.

ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Қаз. я73

Жақыбаева Қ.Л., Акимбекова Г.Ш.
Қазақ тілі. Жоғары деңгей. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2012ж. - 248 бет.

Оку кұралы экономикалық жоғары орындарының казақ тілі пәніне арналған бағдарламаға сәйкес жасалған. Ұсынылып отырған оқу кұралы жоғары деңгейге арналган. Оку кұралының мақсаты - қазақ тілін тереңдетіп үйренушілерге экономикалық тақырыптармен сәйкестендіріліп алынған мәтіндер арқылы сөздік қорын кебейтіп, ана тілінде сөйлеу тілін дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын экономикалық терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру, ғылыми тілді терендетіп оқыту, шешендікке қызықтыру.

ӘОЖ 811.512.122 (075.8)

Сарбасова Қ.Б.
Қазіргі қазақ тілі (лексикология және фразеология): Оқу кұралы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. - 200 бет.

Оку кұралы «Қазіргі қазақ тілі» (лексикология, фразеология) пәнінің практикалық сабақтар жүйесіне арналған. Филология факультеті студенттері мен оқытушыларына ұсынылады.

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper