Обзор книжных новинок

Құрметті оқырмандар!
Егер, сіз жолыңыз түсіп осы бір қасиетті мекенге табан тіресеңіз жұмбағы көп, айтар сыры мол ғажайыпқа тап боласыз. Өйткені Маңғыстаудың жаңасы көзіңді қуантып, үн-түнсіз мүлгіп тұрған ескерткіштер тілін тапсаң күмбірлей баяндап тарих қатпарларына жетелейді. Мұнда бағзы заман мен бүгінгінің ажырамас байланысын сезесіз. Тарихты жасаушы да, жаңартушы да адамдар. Қай кезеңде өмір сүрсе де оларды ұмытпай кейінгі ұрпақ санасына дарыту біздің негізгі міндетіміз. Олай болса, өлкеміздің мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетін кітаптарды оқып сусындайық, жас ұрпақ!

013

 

УДК 908(М)

Каспий қайраңы. Киелі өнер.
- Алматы, 2001, 208б қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

Жалпы оқырмандарға ұсынылып отырған бұл танымдық басылымда Каспийдің Қазақстандық аймағының өнер ерекшеліктері мен дарынды дүлдүлдер бейнелері сомдалды.

Қорыта аитқанда, бұл кітап ән мен күй шалқыған, жыр бұлағы тау бұлағындай тасқындаған өнер дүлдүлдері туралы мол мағұлмат, тағылымды әсер береді деп ойлаймыз. Материалдық игіліктер өндіріп жатқан халқымыз бен сол іске атсалысып жүрген әріптестеріміздің танымын молайтып, рухани мерейін өсірер мұндай еңбектердің қажеттігі хақ.

013

 

УДК 93:924(М)

Задерецкая Н.
Мангистау - край преданий и легенд

Автор не претендует на научные знания истории края. Он видел воочию многое из того, что изложено в этой книге. А чего не видел, рассказали знающие люди. Его собеседники - в основном местные жители, старожилы Мангистау.

В течение пяти лет на страницах актауского еженедельника «Лада ТВ плюс» публиковались историко-краеведческие статьи, предания, легенды, многие из которых нашли свое место в этой книге.

Предваряя прочтение, хотелось вспомнить одного героя из повести Паустовского, который свои музыкальные выступления заканчивал словами: «Мораль сей песни ясна: будьте снисходительны к любящим!» Автор данной книги этой фразой начал свое произведение, потому как любит свой край.

И считает, что это его главная правда.

013

 

УДК 902.904(084)

Муминов Ә.Қ., Нұрманова А.Ш.
Шақпақ-ата жерасты мешіті мен қорымынын эпиграфикасы

– Алматы, Дайк-Пресс, 2009. - 224 б.

"Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштері" сериясында Маңғыстау облысының «Мәдени мұра» аймақтық Шақпақ-ата кешенінің араб графикалы жазуларының мәтіндері алғаш рет шығарылып отыр. Кешен Маңғыстау обылысының Түпқараған ауданында. Альбом-кітапқа 255 жазу енгізілген. Әрбір жазу ескерткіштің фотосуреті, терілген мәтіні, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудармасымен, түсіндірмесімен қоса берілген. Альбом-кітап зерттеу бөлімімен (Кіріспе), ғылыми көрсеткіштермен жабдықталған.

Кітап тарихшыларға, дінтанушыларға, шығыстанушыларға, мәдениеттанушыларға, Орталық Азия мен мәдениетінің әртүрлі аспектілеріне ден қоюшы барша оқырмандарға арналған.

013

 

УДК 809

Спан Ә., Дүйсенбаева Ж.
Ұлы даланың ұланғайыр мұрасы
/зерттеулер мен пайымдаулар, аңыздар/.
- Алматы: «Нұрлы Әлем», 2006. — 224 бет +16 бет жапсырма.

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында дайындалған бұл кітапта алғашкы адамзат баласының жаратылғанына дейін дәлел-дәйек болатын неше бір көне жәдігерлікке толы бағзы Маңғыстау өңірінін өмір сүру дәстүр-дағдысы да тұнып тұрған төкпе жырмен тылсым сырға жұмбақ пен кұпияға, аңыз бен әпсанага толы. Осынау киелі өлкені мекендеген адамдардың бітім-болмысы, іс-қимылы мен ойлау жүйесі шөл даланы бағындырып бірнеше жүздеген метрге дейін жететін шымырау құдыктар қазып оның игілігін көруі осынау ұланғайыр аймақта мыңғыртып мал өсіріп, сән-салтанатты ғұмыр кешуі таңдандырар құбылыс.

Бұл кітапты оқыған окырманның аңыздар әлеміне сапар шегіп әрі байырғы маңғыстаулықтардың табиғатпен қалайша етене, жарасымды үйлесім тапқанына тәнті болары даусыз. Бүгінгідей өткенімізді танып, зерделеу, ұлттык мұраларды жаңғырту қолға алынып жатқан заманда бұп кітаптың құндылығына шәк келтіруте болмайды. Маңғыстаудың су көздері туралы сөздік бұл кітапта тұңғыш рет құрастырылып отыр. Бұл тұтастай алып қарағанда таза ғылыми еңбек. Окыңыз да нәр алыңыз, қадірлі әлеумет!

013

 

УДК 82-09

Сыдиықұлы Қ.
«Атамекен»

- Алматы: «Информ-А», 2001 - 336 бет.

Қазақстанның әдеби, мәдени, тарихи мұраларын жинап, зерттеуге елеулі үлес қосқан Қабиболла Сыдиықұлының бұл кітабын Маңғыстау, Атырау өңірінің тағылымды тарихының кейбір кезеңдері, ел есіндегі жақсылары мен жампоздары жайлы. Қасиетті орындар мен халық батырлары, әнші, күйшілері мен жыршы, сазгерлері және ел мерейін көтерген айтулы тұлғалары туралы зерттеулер мен толғаныс, мақалалар. Олардың бәр-бәрінің де жазылған жылдары мен қайда жарияланғанын көрсетіп отыру автордың қай кезде, қай салада қалам тартқанын аңғарту ниетінен туды.

Кітап жалпы жұртшылыққа арналған.

013

 

УДК 82(09)

ӘБДІХАЛЫҚОВ М.
СҮЙІНҒАРА

- Алматы: «Нұрлы Әлем», 2008. - 280 бет.

Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен халық батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалык деңгейге көтеріліп отырған.

Сондай халыктық мәні зор тарихи оқиғаларға араласкан, талай аңызды туғызған тұлғалардың бірі - Сүйінғара Үргенішбайұлы. -Қазақ даласын қос өкпеден қыскан Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатынан тысқары қалып жүрген Маңғыстау мен Үстірттегі ата- қоныстарды қайтарып алып, батыс пен шығыс басқыншылығының тырнағына іліктірмей келген халық қайсарлығының сардары.

Белгілі қаламгер Маршал Әбдіхалықовтың «Сүйінғара» романында XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Маңғыстаудағы күрделі қоғамдық саяси жағдай, сол тұстағы халықты біріктіре алған аса абыройлы тарихи тұлға Сүйінғара Үргенішбайұлының жері мен елін қорғаудағы ерлік істері, Маңғыстау үшін Ресей мен Хиуа хандығы арасындағы күрес мәселелері кеңінен сөз болады.

Романның сюжеттік композициялық өрнегі жымдаса кұрылған, тілі көркем.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

013

 

УДК 94(574)

Көшбайұлы О.
Сыбызғы сынсып жылайды

- Алматы: «Ел-шежірсі», 2008. - 248 бет.

Ақтаулық мұражай қызметкері, қаламгер Отыншы Көшбайұлы сапарнамалық бұл еңбегінде заманның қиын күндерінде Маңқыстау өңірінен Иран жеріне үдере көшіп барған қандастарымыздың кешегі, бүгінгі өмірін жан-жақты көрсетіп берген.

013

 

УДК 635.1

Көшбайұлы О.
Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр

- Алматы, «Орхон» баспа үйі 208 бет.

Белгілі өнер зерттеушісі О. Көшбайұлының бұл еңбегінде Маңғыстау өңіріндегі аңшылық дәстүрдің кешегі тарихы, бүгінгі жайының небір қызықтары жан-жақты әрі әсерлі әңгімеленеді. Сондай-ақ мұнда табиғат қорғау мәселесі де ойлы, тұжырымды дәйектермен алға тартылған.

013

 

УДК 929:908:821

Спан Ә., Әбішұлы С.
Сәбит Әбішұлы. Өмір өрнектері

- Алматы: «Информ-А», 2002 — 432 бет + 16 бет жапсырма.

Кітап дербес екі бөліктен тұрады. Бірінші кітапқа ел азаматы, көп жылдар түрлі шаруашылық басшысы қызметін атқарған қажырлы қайраткер және қарымды қаламгер ретінде Маңғыстау өңіріне кеңінен танымал Сәбит Әбішұлының ғұмырбаяны, өнегелі өмірі, жүрген-тұрған ортасы арқау болған. Ал екінші кітап кейіпкердің, яғни Сәбит Әбішұлының өзі жазған дүниелерінің — шежіре, көркем әңгіме, естелік, ой-толғаулар мен өмірлік тәжірибеден туған түрлі пайымдаулар, ұсыныстарға толы, түбектің тыныс-тіршілігі үшін өзекті мақалалардың басын құрайды.

Кітаптың оқырманға берер тағылымы мол. Жалпы жұртшылыкқа арналған.

013

 

УДК 82-09

Сыдиықұлы Қ.
Өмір өрнектері. Тандамалы зерттеулері.

- Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. — 384 бет.

Ғүлама ғалым, жазушы, ақын Қабибола Сыдиықұлы (1934-2001) бар саналы ғұмырын қазақтың сөз өнерін зерделеуге, ғасырлар шаңы жапқан ауыз әдебиеті үлгілерін тауып, жинап, жариялауға, Батыс Қазақстан өлкесінің әдеби-мәдени мүраларын зерттеуге бағыштады.

Ғалымның 1990 жылдардың басында өз қолымен баспаға дайындаған, бірақ белгілі себептермен толық күйінде жарық көрмеген таңдамалы ғылыми-зерттеу мақалалары осы бірінші томды құрап отыр.

Кітап әдебиет пен мәдениет зерттеушілеріне, жоғары оқу орнының студенттеріне, жалпы сөз өнерін қастер тұтатын барша оқырман қауымға арналған.

013

 

УДК 82-09

Сыдиықұлы Қ.
Атамекен. Тандамалы өлең-дастандары мен толғаныс-эсселері.

- Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. - 424 бет.

Ғүлама ғалым, жазушы, ақын Қабибола Сыдиықұлы (1934-2001) бар саналы ғұмырын қазақтың сөз өнерін зерделеуге, ғасырлар шаңы жапқан ауыз әдебиеті үлгілерін тауып, жинап, жариялауға, Батыс Қазақстан өлкесінің әдеби-мәдени мұраларын зерттеуге бағыштады.

Өзінің кіндік қаны тамған Атырау мен Маңғыстау өңірлеріне бағышталған перзенттік махаббатын ақын, ғалым өз кезінде "Үш қиян" (1997) және "Атамекен" (2001) кітаптарында жырлаған еді. Екінші томға негізінен осы кітаптарға енген мөлдір жырлар мен толғамды толғаулар арқау болып отыр.

Кітап жыр сүйер, сөз сүйер қауымға, халқымыздың көнеліктерімен қызығушы көзі карақты, көкірегі ояу оқырманға арналған.

013

 

УДК 82-09

Сыдиықұлы Қ.
Ақберен. XVIII - XX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалары.

- Алматы: «Нұрлы Әлем», 2007. - 576 б.

Қайтадан толықтырылып, түзетіліп ұсынылып отырган бұл кітап бүкіл ғұмырын ақын-жыраулар мұрасын жиып, зерттеп, жарыққа шығаруға арнаған ардақты ғалым Қабиболла Сыдиықүлы 1972 жылы құрастырып шығарған "Ақберен" жинағы негізінде түзілді. Осы басылымға енген өнерпаздардың бәрінің де өмір-тарихы, өнерпаздық шығармашылығы жайындағы әдеби мақалалар мен түсініктердің де авторы Қ. Сыдиықүлы еді.

Ендеше, арғы заманғы арқалы ақын-жыраулар поэзиясының інжу-маржан асылдары іріктелген бүл жинақты Қабекең қазынасы - халқына мәңгі мұра ретінде тарту етіп кеткен тамаша сыйы дейміз.

013

 

УДК 82-94:78

БАЙЕКЕЕВ Б.
ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР:
Сұхбат-кітап.
- Алматы: «Нұрлы Әлем», 2008. - 280 бет + 16 бет жапсырма.

Журналист-суретші Бірғали Байекеевтің Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Маңғыстау ұлт-аспаптары оркестрінің негізін салушы, тұңғыш дирижер, белгілі күйші Орын Құлсарыұлымен бұл сұхбаты тек бір адамның өмірі -мен қызметінің кезеңдерін баяндаумен шектелмейді, қазак күйі, ұлы музыка, ұлы тұлғалар, киелі өңірдің өнерін жасаушылар, насихаттаушылар, орындаушылар туралы жайттарды да жеткілікті камтиды.

Сұхбат-кітаптан саз мектебінің мұғалімдері мен шәкірттері, өнерді сүйетін барша жұрт аз да болса өздеріне пайдалы да қажетті нәрселерді ала алады. «Қос ішек» бөліміндегі лебіздер кітап мазмұнын толықтыра түседі.

013

 

УДК 82.09

Көне күннің жыр күмбезі
- Алматы: Жазушы, - 2007. - 496 бет.

Жинақта Маңғыстаудың айтулы сөз зергерлерінің жыр-толғауларының бұрын жарияланбаған нұскалары, бұрын-сонды әдебиет әлеміне белгісіз болып келген өзге де авторлардың шығармалары, өмір деректері толықтырылып, жүйеленіп берілген. Жыр мәтіндеріне текстологиялык талдаулар, салыстырмалы зерттеулер жүргізіліп, нәтижелері ұсынылған. Жыр мәтініндегі көненің көзіндей жәдігер сөздерге этимологиялық, лингвотанымдык, статистикалык сараптаулар жасалынып, нәтижесі сөздік түрінде дербес берілген. Кітап әдебиетші, мәдениеттанушы, этнограф, лингвомәдениеттанушы ғалымдарға, сондай-ақ ұлттық мұраны қастерлейтін жалпы жұртшылыққа арналады.

Ақын-жыраулардың мұраларын жинақтап, жүйелеп, мәтіндік талдамасын жасаған, жыр тіліндегі түсінігі қиын сөздерге лингво-стилистикалық, этимологиялық сипаттама берген.
Ш. Есенов атындағы АқтМУ профессоры Б. И. Нұрдәулетова

013

 

УДК 902.7

Қыдыралин Ү.
Маңғыстау казақтарының дәстүрлі мәдениеті мен әдет - ғұрыптары.

- Атырау, 2002. 152 б.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Үркінбай Қыдыралиннің бұл еңбегінде Маңғыстау қазақтарының өткен дәуірлердегі материалдық және рухани мәдениеті, отбасы және некелік қатынастары, діни нанымдары мен ырымдары, аңыздары, т.б. әдет-ғұрып, салт дәстүрлеріне тарихи-этнологиялық тұрғыда ғылыми шолу жасалынады. Автор көптеген нақтылы деректер негізінде қазақтың мәдени тұрмысындағы материалдық және рухани мәдениеттің тармақтарына, түс көру және оны жору, ырымдар мен болжамдарға т.б. көріністеріне ғылыми сипаттама береді. Сонымен қатар қазак халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпакқа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені айтылады.

Бұл монографиялык кітап жалпы жұртшылыққа, жастарға, орта, жоғары оқу орындарының шәкірттері мен мұғалімдеріне бағышталып отыр.

013

УДК 809. 41/45

Шыртанұлы І.
Текті тұлғаның тұнбасы.

- Алматы: Арыс, 2005. -320б + 4бет сурет.

Кітапта Маңғыстаулық белгілі өлке, өнер зерттеушісі, жыршы, әнші, күйші, шежіреші Ізбасар Шыртанұлының (1941-2001) шығармашылығының бір бөлігі қамтылған. Ел аузындағы көненің көмбесіндегі қара әңгімелерден бастап, автордың өнерпаздар өмірінен жазғаны жүректі тербейді, әсерге бөлейді. Көпшілік оқырманға арналған.

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper