Обзор книжных новинок

Құрметті оқырмандар!
Қасиетті де киелі Маңғыстау өлкесі қазақ елі үшін өзгеше әрі қымбат аймақ. Ол өзінің табиғи қазба байлық ресурстары, географиялық орналасуы, өндірістік-өнеркәсіптік өсімділігі, теңіз сауда жолы, тереңнен сыр шертер тарихы, сонымен қатар Маңғыстауға ғана тән дәстүрлік өнерімен де ерекшеленетін мекен. Бұл өлке еліміздің негізгі экономикалық аймағы болып келеді. Біз бүгін кітапхана қорындағы өлкетану кітаптарының маңыздыларын оқырман қауымға таныстырып шолу жасамақпыз. Бұл кітаптардың өлке туралы жан-жақты білгісі келетіндерге көмек болары сөзсіз.

013

 

УДК 03(574)(М)

Маңғыстау энциклопедиясы.
Бас редактор Б.Ғ. Аяған. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2008. - 632 бет.

Маңғыстау өңірі хақындағы деректерді жан-жақты қамтыған аймақтық энциклопедияда Маңғыстаудың табиғаты мен қазба байлығы, осы өңірдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениеті, шаруашылығы мен өндірісі, экономикалық байланыстары, ел есіндегі елеулі адамдар, ежелгі ескерткіш-мұралары мен өрісті өнері туралы нақты да жинақы мәліметтер беріледі.
Энциклопедия түрлі түсті суреттер, сұлба-карталармен әсем безендірілген.

015

 

УДК 94(574)(М)

Қондыбай С.

Маңғыстау-нама. Зерттеу. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. - 444 бет.

Ұлан-байтақ Ұлы Қазақ даласының қай пұшпағы да киелі, қасиетті. Оның мыңдаған жылдық арғы елес тарихын археологиялық қазындылар, бергі дәуірлердің қыр-сырын бүгінге жеткен сәулет ескерткіштері мен түрлі тілде хатқа түскен жазба жәдігерлері деректерімен айқындауға болады. Ал қазақ ғылымының маңдайына сыймай, жасындай жарқырап өткен, зерттеуші Серікбол Қондыбай (1968-2004) бұл орайда өз ізденістерінде тың жол, соны соқпақ таңдайды. Ғалым халқымыздың бағзы мифологиялық таным-түсінігін, ойлау жүйесін қайта қалпына келтіре отырып, оны өлке тарихына қатысты географиялық, фольклорлық, лингвистикалық мәлімет-деректермен ұштастырып, Маңғыстау мен Үстірт тарихының терең қатпарларына бойлайды, күні бүгінге дейін қасаң қағидаға бағынып келген күмәнді түйіндерді шешуге талпынады. Осылайша тек әулиелі, көне Маңғыстау тарихы ғана емес, Қазақстанның кез келген өлкесінің өткеніне жаңаша үңілуге жол ашады.
Кітап барша қоғамдық ғылым өкілдеріне - тарихшы, этнограф, мәдениеттанушы, фольклортанушы, тілші, әдебиетші ғалымдарға жэне өлке тарихымен қызығушы қалың жұртшылыкқа арналған.

017

 

УДК 94(574)(М)

АДАЙ КӨТЕРІЛІСІ - Алматы, «Нұрлы Әлем» 2010. - 320 бет. Т.1

Бұрынғы Кеңес Одағында XX ғасырдың 20-30-шы жылдары ешқандай кінәсі жоқ миллиондаған адамдар саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналды. Тарих бұны сталинизмнің солақай, халыққа жат саясаты ретінде айыптады. Бүл нәубетті кезең қазақ халқының жадында айықпас дерт түрінде мәңгі қалды.

«Адай көтерілісі» деп аталатын осы жинақта Кеңес үкіметінің тоталитаризм саясаты тұтас елге таққан қарғы таңбалы бағасының жапқан жала болғаны нақты дәлелдермен баяндалады.

Басылым мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындары студенттеріне, тарихшыларға және қалың көпшілікке арналған.

019

 

УДК 94(574)

АДАЙ КӨТЕРІЛІСІ. ВОССТАНИЕ АДАЕВЦЕВ В 1931 ГОДУ: Сборник документов. - Алматы: «Нұрлы Әлем». 2010. - с.448. Т.2.

В настоящем сборнике публикуются документы о восстании адаевцев в Гурьевском округе в 1931 году непосредственно и о причинах, вызвавших это восстание. В сборник также включены отдельные документы о реабилитации участников восстания. Документами охватывается период с 1928 г. по 1933 г., 1962,1991-1997 гг.
Книга предназначена широкому кругу читателей.

021

 

УДК 93/99(574)(М)

САРИЕВ I., ОМАРОВ М.
...Ойрандалған адай даласы
немесе Мемлекеттік біріккен саяси басқарма құжаттары негізінде халык қасіреті хақында хикая
Алматы Атамұра, 1995. - 160 бет + 8 бет жапсырма

Адай көтерілісі... Күні кеше, отызыншы жылдары ғана болған осынау қанды қырғын оқулықтарда жазылған емес. Біздін білеріміз - «Байлар мен молдалардың жаңа коғамға қарсы ұйымдастырған көтерілісі». Шынында солай ма еді? Еліміздін тәуелсіздігімен бірге келген жариялылык саясат өзгергенмен тарихтың өзгермейтінін, шындыктык халкына қалай да жететінін талай дәлелдеген. Авторлардың «ВЧК, ОГПУ, НКВД» сияқты айбарлы мекемелердің халықтан жасырып, құпиялап келген құжаттары негізінде жазған бұл хикаяны қызыл империяның қызыл қырғынын айыптау, бұрын-соңды жазылғанды койып, айтылмаған шындықты жариялау деген жөн болар.

023

УДК 82(091)

СПАН Ә.
Иса Тіленбайұлы: Тарихи танымдық баян - Алматы: «Нұрлы Әлем» баспасы, 2004. -288 бет +16 бет жапсырма.

Көптеген кітаптардың авторы жазушы, журналист Әбілкайыр Спан өзінің бұл шығармасын көп жылдан бері зерттеп келген. ХІХ-ғасырда, 1870 жылдары және ХХ-ғасырдағы Адайлар көтерілісінің себебін нақтылы деректермен дәлелдейді. Ондағы Иса-Досан, Бәйменбет, Жаманғара т. б. кең көлемде көрсетіледі. Кезінде көп кедергілерге кезігіп содан қатты соққылар көрген автор қазақ халкының қасіретін көрсете отыра "ағын ақ, қарасын қара" деп ашып жазған.

Бұл жинақтағы тағы бір ерекшелік кезінде орыстанамыз деп ұлттык сауатымызды төмендетіп, білімсіздіктен жазылып жүрген ру аттары кіші әріптермен қалай болса солай көрсетіле беретін ата-бабаларымыздың есімдері сокырға таяқ ұстатқандай ерекшеленіп бас әріптермен теріліпті. Шежіре жазып жүрген көп авторларды осы жәй ойландырар деген ойдамыз. Иә, мәңгүрттенудің де орны бар, оны асыра сілтеп бабалар есімін аяққа таптау...

Кітап көпшілік қауымға арнала отырып, кейінгі буындарға алтын қазыналы оқу бағдарламасының бір тарауы болары сөзсіз.

013

 

УДК 93:924(М)

КӨШБАЙҰЛЫ Отыншы
Жұмбақ жайлап аңыз өрген Маңғыстау - Алматы: «Үш Қиян», 2005. 192-бет.

Тақырыбынан белгілі болып отырғандай оқырман назарына ұсынылып отырған еңбек - Маңғыстау өлкесінің арғы-бергі тарихын қамтиды. Ежелгі дәуірлерден бүгінге суыртпақтап сыр тартар шежіре баяндар, деректі әңгімелер, ескерткіш кесенелер біздің тарихымызды нақтылай түседі. Автор осы бағытта жұмыстанған дерек-мағлүматтар молынан кездесетін кітап көпшілік оқырманға арналған.

015

 

УДК 924:622

Задерецкая Наталья
Геологи-первооткрыватели Мангистау
- Алматы, 2011. 220 с.

Врезанный в голубизну Каспия полуостров Мангистау напоминает профиль женского лица. Неслучайно академик К.И. Сатпаев назвал эту священную землю спящей красавицей. Богат этот край природными ресурсами, историческими памятниками, но основное богатство - люди, живущие в этом крае с суровым климатом. Имена героев данной книги высечены на граните Аллеи славы нефтяников-первооткрывателей края Мангистау, заслуженных разведчиков недр, которые своим трудом разбудили «спящую красавицу», преобразовали до неузнаваемости, людей мудрых и простых, верных своей профессии, мужественно отстаивающих свои идеи.

Как гласит восточная мудрость, «слава отцов передается тем потомкам, которые возвеличивают своих предков». Наши герои достойны всяческих почестей.

017

 

УДК 924:622

Кенесбаева Галия
Кенес Джуламанов - Алматы, 2010. - 264 с.

Эта книга посвящается человеку, годы жизни отдавшему нефтяной отрасли страны, - Кенесу Дуйсенгалиевичу Джуламанову. В своих воспоминаниях друзья, коллеги Кенаха возвращают читателя в эпоху становления эмбинских и мангистауских нефтеносных месторождений. Они были свидетелями того, как некогда считавшийся безжизненным краем суровый Мангышлак нехотя сдавал позиции, уступая энтузиазму, трудолюбию и энергии молодых первопроходцев, одной из которых был Кенес Дуйсенгалиевич.

Где бы ни работал Кенаха, куда бы его ни направляли, всюду оставлял неизгладимый след добрых дел и светлую память в сердца: людей и работал так, как велели его совесть и долг перед Родиной.

019

 

УДК 924(М)

СУХАМБЕРДИЕВ М.
МҰНАЙЛЫ МАҢҒЫСТАУ - Алматы: «Нұрлы Әлем» 2008. - 320 бет +32 бет жапсырма.

Маңғыстауда мұнайгаз өндірісімен бірге сирек кездесетін рудалардың, уранның табылуы, Каспий аймағының басқа да өндірістері - теміржолы, су жолы, магистральды құбырлар желісі, үлкен химия кешені бәрі-бәрі Маңғыстаудан мұнай табылуымен қатар дамыды. Кітапта осылар туралы кеңінен баяндалады.

021

 

УДК929:551

Сұлтанғалиев Сәлімгерей
Әулет ұшқыны - Алматы, 2011. - 280 с.

Кітаптың негізгі арқауына терең жер қойнауынан мұнай мен газ іздестіруші геолог барлаушылар әулеті алынған.

Әулеттің пайда болуы, өсіп-өрбуі, ержетіп, қатаюы, Атырау мен Ақтөбе өңірлерінде ұзақ уақыт бойы жалықпай зерттеп, іздестірулерінің нәтижесінде, талай жаңа кен тапқандыктары және сол кен орындарының ашылу тарихы арқылы, әдетте геологтар «кәрі Каспий төңірегі» деп атайтын сол аймақтың мұнай-газ саласы үшін берік шикізат базасын жасауы арқасында, бұл жерлердің әлеуметтік, экономикалык келбеті қалай өзгергені, көміртегі минералы қалай Қазақстан индустриясының қуатын арттырып, Мемлекеттік бюджеттің қайнар көзі болып отырғандығы, мемлекеттік геологиялық қызметтің қазіргі жағдайы, сондай-ак осыған тікелей қатысы бар және басқа да көкейкесті мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалады.

023

УДК 82:94

МЫРЗАҒАЛИЕВ Қ.
Тар жол, тайғак кешіп Маңғыстау байлығын игергендер - Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2007. - 124 бет + суреттер.

Мырзагалиев Қамысбайдың бұл « Тар жол, тайғақ кешіп Маңғыстау байлығын игергендер» атты еңбегі Маңғыстау мұнайын ашқан және оны ел игілігіне жаратқан мұнайшылардың қайрат-жігерін баяндайтын жазба.

Мырзагалиев Қамысбайдың мамандыгы геолог, геофизик, таукен инженері. Ол Маңғыстау өлке байлығын алғашқы игерушілердің бірі және көптеген техника-ғылыми, қоғамдық-әлеуметтік жазба кітаптарының авторы. Бұл кітап көпшілік қауымға арналған, пайдалы мәліметтер және үлгілі өнеге беретін жазба ретінде қабылдаңыздар.

013

 

УДК 929:908

Спан Ә.
Қазакстаннын тұңғыш сенаторы Өмірзак Озғанбайұлы Алматы: «Нурлы Әлем», 2004. - 192 бет + 16 бет жапсырма.

015

 

УДК 908(038)

Көшімова Б.Ә.

Маңғыстау өңірі жер-су атауларының түсіндірме сөздігі - Алматы, «Нұрлы Әлем». 2010. - 368б. + 16б. жапсырма.

Сөздікте өңірдегі жер-су атауының мағынасы түсіндіріліп, шығу төркіні мен пайда болу сырлары айқындалған және олардың тілдік нормаға сай қазақша әрі дұрыс жазылуы қалыпқа түсірілген. Сөздікке косымша ретінде Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі, облыс бойынша өзгертілген, қалпына келтірілген тарихи атаулар, жер-су атауларының алфавиттік тізімі және атауларға қатысты аңыздар да берілген.

Кітап жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, ғалымдарға, мұғалімдерге, сонымен қатар өлке топонимдерінің сыр-сипатына, мән-мағынасына, шығу тарихына кызығушыларға да арналган.

017

 

УДК 908:81:81^373.21

Көшімова.Б.Ә.
Маңғыстау топонимиясы: (оқу құралы) - Алматы, «Нұрлы Әлем». 2010 ж. - 200 б.

Оқу құралында алғаш рет Маңғыстау облысының топонимиялық жүйесіне этномәдени негізде лингвистикалық талдау жасалынып, жер-су аттарының қалыптасу, даму тарихы, жасалу жолдары баяндалган.

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, мұғалімдерге, ғалымдарға арналған.

019

 

УДК 913

СПАН ӘБІЛҚАЙЫР
Топограф Алексеев және Маңғыстау /Зерттеу еңбек/ - Алматы: «Нұрлы Әлем», 2006. -200 бет.

021

 

УДК 574(М)

Нығметуллаев М., Жұмағұл Н.
МАҢҒЫСТАУ ЭКОЛОГИЯСЫ - Алматы, «Нұрлы Әлем». -2008. 288бет.

Авторлар Мақсат Нығметуллаев пен Нұрғиса Жұмағұл «Маңғыстау экологиясы» деген еңбегінде түбек төсіндегі экологиялық қиыншылықтар туғызатын аймақтарға жеке-жеке тоқталған. Олар - Қошқарата улы көлі, ашық жатқан уран карьері, күкірт қышқыл зауыты, жерастындағы ядролық сынақтардың зардаптары, әскери сынақтар болған жерлер, мұнай өндіру алаңдарындағы бүлінген орындар. Осылардың ішінде улы көлдің тіршілік атаулыға тигізетін зиянына айрықша мән беріліпті. Себебі оның астындағы 504 млн. тонны уран қалдығы ашық қалған жерлерден шаңмен көтеріліп, аспанға ұшады да, жалпы түбектің экологиясына айрықша әсер етеді.

ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper