Обзор книжных новинок

 

sc01+


УДК 346 (075.8)
ББК 67.404.2я73

Омурчиева Э.М.
Қазақстан  Республикасының банк құкығы: оқу құралы
/ Э.М.Омурчиева, Е.Б.Осипов. - Алматы: «Бастау»,2009. - 252 бет.

ISBN 9965-814-89-9

Банк құқығын реттеу қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен факторларының бірі болып табылады. Әлемдік нарықтағы интеграциялық үдерістерге, халықаралық ынтымақтастықтың дамуына байланысты сыртқы экономикалық мәмілелердің саны ұлғайды, халықаралық есеп айырысу қатынастары күннен-күнге күрделілене түсуде, ал бұл істе банктер айтарлықтай рөл атқарады.

Ұсынылып отырған кітапта банк қызметін азаматтық-кұқықтық реттеу мәселелері ерекше орын алып отыр. Мұнда банк құқығы теориясының қазіргі заманғы мәселелері қаралған, банк құқығы, банк құқығының құқықтың басқа салаларымен арақатынасы және оның құқық жүйесіндегі рөлі; Қазақстан Республикасында банк қызметін кұқықтық реттеу; банктің құқықтық қатынастары; банк мәмілелерінің түсінігі және түрлері; банк қызметінің субъектілері және олардың құқықтық мәртебесі; банктердің қатысуымен жасалатын шарттар; сыртқы экономикалық банк қызметін құқықтық реттеу; электрондық банк қызметін реттеу сияқты мәселелер кеңінен қамтылған.

Оқу кұралы заңгерлік және экономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарына, заң саласында жұмыс істейтін заңгерлерге, сондай-ақ банк құқығына қызығушылық танытушы жеке адамдарға арналған.

sc01+


УДК 347.7 (075.8)
ББК 67.404я73
М70

Мороз С.П.
Кәсіпкерлік (шаруашылык) кұқық: оқулық
/ С.П.Мороз. - Алматы: «Бастау» баспасы, 2009. - 288 бет.

9965-814-88-0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Құқық» мамандықтары тобы бойынша оқу-әдістемелік секция оқулығы ретінде ұсынылады.

Ұсынылып отырған оқулық заң және экономика факультеттері мен жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық» пәнін оқып-үйренуіне арналған.

Бұл оқулықта кәсіпкерлік (шаруашылық) кұқық теориясының аса маңызды мәселелері қарастырылған. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы; Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік (шаруашылық) құқығының тақырыбы, әдісі, ұстанымдары мен жүйесі; Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелу негіздері; кәсіпкерлік қызмет түсінігі және оның белгілері; кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен формалары; кәсіпкерлік қызмет субъектілері және олардың құқықтық мәртебелері; кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі; кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен бағыттары; кәсіпкерлік келісім-шарт; кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік; кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және шаруашылық дауларын шешу; биржа қызметін кұқықтық реттеу; инвестициялық қызметті құқықтық реттеу; сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу; банк қызметін құқықтық реттеу; сақтандыру қызметін құқықтық реттеу; көлік қызметін құқықтық реттеу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құкықтық реттеу.

Аталған еңбекте кәсіпкерлік келісім-шарттарды және олардың жекелеген түрлерін жіктеу және кәсіпкерлік келісім-шарттардың жекелеген түрлерінің сипаттамасы мәселелері ерекше орын алады.

sc05+


ББК 65.052.21
М91

Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С.
Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі
/ Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. - 832 бет.

ISBN 978-601 -225-020-6

Бұл оқу құралы бухгалтерлік есепті оқитын жоғары оқу орнының студенттеріне арналған. Ол бухгалтерлік есеп шоттары Типтік және жұмыс жоспарларының казіргі заманғы талаптарына сәйкес жазылған. Оқу құралында көпшілік үшін бухгалтерлік есепті білу мен шұғыл бухгалтерлік жұмыс бойынша тәжірибелі дағдыларын алудын ең оңай, түсінікті әдістері колданылған.

Оқу құралы студенттер мен басқа да оқырман қауымға шаруашылық операцияларды (проводкаларды), айналым ведомостарын жазу, сондай-ақ бухгалтерлік балансты косымшалар мен лекларациялардың кажетті түрлерін құру әдістерінің егежей-тегежейін білуді мақсат етіп кояды.

Шоттын жұмыс жоспарында 2006 жылдың 6 каңтарына олар бейнеленетін құжаттарлы көрсету мен коса шоттардың корреспонденциясы беріледі.

Кітап негізінен тез арада бухгалтерлік жұмыстың конылуы және оның техникасымен кызығатын барлық бұл саладағы өзінің құзыретінің деңгейінен тәуелсіз кәсіпкерлерге, сондай-ақ басшылар, бухгалтерлер мен қаржыгерлерге бағытталған.

sc05+


УДК 65.01 (075)
ББК 65.290-2 я 7
М63

Авторлар ұжымы: Бердалиев К.Б., Сатқалиева, Т.С., Сейітқазиева А., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Шахманова Г.Т., Абдулина Г.А., Ерғалиев Қ.Р., Омарқожаева А.Н.
Инновациялық менеджмент: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2010. - 326 бет.

978-601-225-213-2

Ұсынылып отырған оқу кұралында Казакстан Республикасында инновацияны жаңа кезенде баскару, инновацияларды енгізу процесі, олардың тиімділігін бағалау және тиісті жобаларды тандау материалдары орын алған. Оқу кұралы студенттер мен магистранттарға және ЖОО-дағы экономика мамаңдығының оқытушыларына, экономика саласындағы мамандарға, кәсіпкерлерге арналған.

sc05+


УДК 657
ББК 65.052
Т 23

Таттибаев Казбек Махсутович
1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана.
Учебно-практическое пособие. Алматы, 2009, 105 с.

ISBN 978-601-06-0315-8

В учебно-практическом пособии освещена работа с программой 1С: Бухгалтерия с МСФО (Международным стандартом финансовой отчетности) и наиболее полным международным планом бухгалтерских счетов для Казахстана. В книге подробно излагается работа программы по различным операциям бухгалтерского учета с применением многочисленных таблиц, рисунков, практических примеров.

Учебно-практическое пособие может быть полезно начинающим и опытным бухгалтерам, финансистам, экономистам, студентам, преподавателям и всем желающим самостоятельно освоить программу 1С: Бухгалтерия. По данной книге одинаково успешно можно освоить версии программы: 1С: Предприятие «Профессионал», 1С: Бухгалтерия 7.70.252, 7.70.257, 7.70.260, 7.70.261, 7.70.262.

 

УДК 657

ББК 65.052

Т 23

 

Таттибаев Казбек Махсутович 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана. Учебно-практическое пособие. Алматы, 2009, 105 с.

 

ISBN 978-601-06-0315-8

 

В учебно-практическом пособии освещена работа с программой 1С: Бухгалтерия с МСФО (Международным стандартом финансовой отчетности) и наиболее полным международным планом бухгалтерских счетов для Казахстана. В книге подробно излагается работа программы по различным операциям бухгалтерского учета с применением многочисленных таблиц, рисунков, практических примеров.

Учебно-практическое пособие может быть полезно начинающим и опытным бухгалтерам, финансистам, экономистам, студентам, преподавателям и всем желающим самостоятельно освоить программу 1С: Бухгалтерия. По данной книге одинаково успешно можно освоить версии программы: 1С: Предприятие «Профессионал», 1С: Бухгалтерия
7.70.252,  7.70.257,  7.70.260,  7.70.261,  7.70.262.
ЕСЕНОВ Шахмардан
Краеведение Мангистау
© 2010-2018 Designed by Library. Powered by JoomShaper